ЯСЖТШ қолдауына жаңа оқыту курстары

ЯСЖТШ қолдауына жаңа оқыту курстары

Алматы қаласында ҚР ЭМ Геофизикалық зерттеулер институтының Арнаулы сейсмикалық ақпаратын жинау және өңдеу орталығы (АСАЖӨО) базасында, ЯСЖТШ қолдауына 2010 жылы цифрлық сейсмикалық жазбаларын пайымдау және өңдеу бойынша оқыту орталығы құрылған.

 

Орталықты ұйымдастыруында қаржылық, техникалық және әдістемелік жәрдемін Норвегияның Сыртқы істер министрлігі және Норвегиялық сейсмологиялық орталығы НОРСАР көрсетеді. Оқыту орталығында Орталық Азияның әртүрлі елдерінен мамандар-сейсмологтар оқудан өтуде. 2010 жылдан 2015 жылдар аралығында 20 курс пен мектеп-семинарлары жүргізілген, оқудан 114 адам өткен.

2018 жылдың қазан айында орталық жұмысын қайтадан бастаған. Бір айға жақын уақыт бойы цифрлық сейсмограммаларды пайымдау және өңдеу бойынша жаңа циклдің курстары өткен.

http://www.kndc.kz/images/kndcnews/021118/img2.jpg

Осы жолы Қырғыз Республикасы Ғылыми академиясы Сейсмология институтынан әріптестер және қазақстандық әріптестер оқудан өткен.

http://www.kndc.kz/images/kndcnews/021118/img3.jpg

 

АСАЖӨО жетекші мамандары дәрістерінде тыңдаушыларды халықаралық және ұлттық деректер орталықтарының жұмысымен, ЯСЖТШҰ іс-қимыл жасау қағидаттарымен таныстырған, сейсмикалық жабдықтар, сейсмикалық көздер, жерсілкінулердің параметрлері, сейсмикалық толқындар, сейсмикалық көздердің тегін тану әдістері туралы айтып берген, сондай-ақ сейсмикалық станциялардың жазбаларын өңдеу бойынша тәжірибе сабақтарын жүргізген.

Сабақтар аяқталғаннан кейін курсанттарға сертификаттар берілген.

http://www.kndc.kz/images/kndcnews/021118/img4.jpg

Оқыту орталығының жұмысы жалғасуда. Тәжікстанның Геология, сейсмоберікті құрылыс және сейсмология институтының, Өзбекстанның, Түрменияның Сейсмология институтынан әріптестермен кездесу күтілуде. Одан басқа, әр курстарына Қазақстанның мамандары қатысатын болады.