Қызмету

  • Комитет өз қызметін:
  1. 1) өз отырыстарында тиісті мәселелерді қарау арқылы;
  2. 2) көзбе-көз және сырттай ғылыми халықаралық, бүкілресейлік және өңірлік іс-шараларды (конференциялар, сессиялар, мектептер, симпозиумдар, семинарлар, кеңестер), мерейтойлық және мемориалдық мәжілістерді, сондай-ақ «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде конференциялар мен тақырыптық форумдарды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу жолымен;
  3. 3) Комитет мүшелерінің Комитет шешімдерін, Комитет қаулыларын, Комитет төрағасының тапсырмаларын орындауы арқылы жүзеге асырады.
  • Комитет мәжілістері қажетіне қарай, бірақ кем дегенде жылына бір рет өткізіледі. Мәжілістердің күн тәртібін, оларды өткізетін уақыт пен орынды Комитет төрағасы бекітеді. Комитет Комитет құзыретіне жататын барлық мәселелерді қарауға, Комитет қызметінің негізгі бағыттары бойынша Комитет мүшелері мен жекелеген ғалымдардың хабарламалары мен есептерін тыңдауға құқылы. 
  • Комитет шешімдері мәжілістерде оның мүшелерінің жартысының кемінде жай көпшілік дауысымен ашық дауыс беру жолымен қабылданады және Комитет төрағасы мен хатшысы қол қойған хаттамалар түрінде ресімделеді.
  • Комитет төрағасының, төраға орынбасарларының, ғылыми хатшының арасындағы міндеттерді бөлісу.
  • Комитет төрағасы Комитет қызметіне басшылықты жүзеге асырады, ҚазҰЖҒА Төралқасында Комитетті білдіреді, Комитеттің халықаралық қызметіне басшылық жасайды, Комитетті Пагуош ғалымдар қозғалысының халықаралық басқару органдарында, министрліктерде, ведомстволар мен ұйымдарда білдіреді, Комитет мәжілістерін жүргізеді, Комитеттің ағымдағы қызметінің өзге де мәселелерін шешеді.
  • Комитет төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін Комитет төрағасы орынбасарларының бірі атқарады.
  •  Комитет қызметін Комитеттің хатшысы қамтамасыз етеді, ол ҚазҰЖҒА Төралқасымен және оның аппаратымен, Пагуош ғалымдар қозғалысының хатшылығымен, басқа ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Комитет шешімдерінің және Комитет төрағасы тапсырмаларының орындалуын  қамтамасыз етеді.
  • Комитет мүшелерінің Комитет төрағасының келісімінсіз Комитет атынан сөз сөйлеуге құқы жоқ.
  • Комитетке жалпы басшылықты ҚазҰЖҒА Төралқасы жүзеге асырады.
  • Комитет ҚазҰЖҒА Төралқасына және Пагуош ғалымдар қозғалысының халықаралық басқару органдарына жыл сайын өз қызметі туралы есеп береді.