ЕРЕЖЕ
Қазақстанның Пагуош комитеті туралы

(ҚазҰЖҒА Төралқасының 2017 жылғы 4 тамыздағы шешімімен бекітілген)

1.    Жалпы ережелер

  • Қазақстанның Пагуош комитеті (бұдан әрі–Комитет) құрылымдық бөлімше ретінде Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының (бұдан әрі–ҚазҰЖҒА) жанынан құрылды.
  • Комитеттің заңды тұлға мәртебесі жоқ, ҚазҰЖҒА Төралқасының жанында тұрады, ҚазҰЖҒА Төралқасының ғылыми-үйлестіруші және ғылыми-консультациялық органы ретінде әрекет етеді.
  • Комитет халықаралық ғылыми байланыстарды дамыту мен нығайту және ҚазҰЖҒА-ныңғалымдардың 1955 жылғы 7-10 шілдеде Пагуошта (Канада) болған халықаралық конференциясында қабылданған 1955 жылғы 9 шілдедегі Рассел-Эйнштейн Манифесініңқарарынасәйкес құрылған «Пагуош ғалымдар қозғалысы» халықаралық үкіметтік емес ғылыми ұйымының (PugwashConferencesonScienceandWorldAffairs) қызметіне қатысуын үйлестіру мақсатында құрылды.
  • Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, ҚазҰЖҒА жарғысын, ҚазҰЖҒА шешімдерін, ҚазҰЖҒА президентінің өкімдері мен бұйрықтарын, Пагуош ғалымдар қозғалысының жарғылық және бағдарламалық құжаттарын және осы Ережені басшылыққа алады.
  • Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, ҚазҰЖҒА Төралқасымен және оның аппаратымен, бөлімшелерімен, өңірлік филиалдарымен, сондай-ақ Пагуош ғалымдар қозғалысының халықаралық басқару органдарымен және ұлттық Пагуош комитеттерімен өзара бірлесіп жүзеге асырады. Комитет ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен, қоғамдық және кәсіби бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара бірлесіп атқарады.
  • ҚазҰЖҒА Комитетті қаржылық, материалдық, техникалық және шаруашылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады және белгіленген тәртіппен Пагуош ғалымдар қозғалысына жыл сайынғы мүшелік жарна төлейді.
  • ҚазҰЖҒА Төралқасы Комитетке оның жұмысына қажетті ұйымдық және ақпараттық, оның ішінде Комитеттің ресми сайтының жұмысына техникалық тұрғыдан көмек көрсетеді.
  •  Комитеттің орналасқан жері – Астана қаласы.
  •  Комитеттің ресми атауы:
  • орыс тілінде – Пагуошский комитет Казахстана;
  • ағылшын тілінде – Pugwash Committee of Kazakhstan.
  • Комитеттің өзінің атауы көрсетілген баспаханалық бланкілері, ішкі пайдаланудағы мөрлері және мөртаңбалары бар.
  • Комитет туралы ережені және ондағы кез келген өзгерістерді Комитет төрағасының ұсынуы бойынша ҚазҰЖҒА төралқасы бекітеді.


 
2.    Комитет қызметінің негізгі бағыттары

Комитет өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес:

  • өз құзыреті шеңберінде мақсатқа жетуге жәрдемдеседі және ҚазҰЖҒА-ның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға ықпал етеді;
  • қарусыздану, қарулануды бақылау, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, қысқарту және тыйым салу, жалпыға ортақ және өңірлік қауіпсіздік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік, халықаралық және өңіраралық ғылыми байланыстарды дамыту, ғылыми қауымдастықтың әлеуметтік жауапкершілігі, ғылым тарихы және халықаралық қатынастар мәселелері бойынша халықаралық және өңіраралық ғылыми ынтымақтастықты ұйымдастырады және үйлестіреді;
  • Пагуош ғалымдар қозғалысының конференцияларына, Пагуош ғалымдар қозғалысының өзге де іс-шараларына дайындықты ұйымдастырады, баяндамалардың тақырыбын және Пагуош ғалымдар қозғалысы іс-шараларына қазақстандық қатысушыларының дербес құрамын  бекітеді;
  • ҚазҰЖҒА төралқасының келісімімен, Пагуош ғалымдар қозғалысының басқару лауазымдарына, Пагуош ғалымдар қозғалысы Кеңесінің және Атқару комитетінің, Пагуош ғалымдар қозғалысының басқа да тұрақты басқару және консультативтік органдарының құрамына сайлау үшін қазақстандық ғалымдарды ұсынады;
  • Пагуош ғалымдар қозғалысының халықаралық басқару органдарымен және ұлттық Пагуош комитеттерімен тұрақты байланысты жүзеге асырады;
  • Комитет қызметінің барлық мәселелері бойынша, оның ішінде Комитет және Пагуош ғалымдар қозғалысы өткізетін конференциялар мен басқа да іс-шараларды дайындауға байланысты хат алмасуды жүргізеді;
  • ҚазҰЖҒА төралқасын, мүдделі министрліктерді, мекемелер мен ұйымдарды және жекелеген ғалымдарды Пагуош ғалымдар қозғалысы Комитетінің, Кеңесінің, Атқару комитетінің және хатшылығының шешімдері туралы хабардар етеді;
  • қазақстандық ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының және жекелеген ғалымдардың Пагуош ғалымдар қозғалысымен байланыстарын орнықтыруға және дамытуға жәрдемдеседі;
  • Пагуош ғалымдар қозғалысы қазақстандық қатысушыларының ҚазҰЖҒА ынтымақтастықты жүзеге асыратын басқа халықаралық одақтармен және ғылыми үкіметтік емес ұйымдармен ғылыми әдебиет және ақпарат алмасуына ықпал етеді;
  • Қазақстанның ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарының жас ғалымдары мен мамандарын Пагуош ғалымдар қозғалысының қызметіне тартуға, олардың Халықаралық студенттік және Пагуош жастар қозғалысының іс-шараларына қатысуына ықпал етеді. 


 
3.    Комитеттің құқықтары

Комитет:

  • ҚазҰЖҒА Төралқасынабелгіленген тәртіппен өз құзыретінің шеңберінде ҚазҰЖҒА Төралқасы шешімдерінің жобаларын және өзге де ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізуге; 
  • ҚазҰЖҒА Төралқасына белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында және шетелдерде өткізілетін Комитеттің және Пагуош ғалымдар қозғалысының іс-шараларына ҚазҰЖҒА мүшелері мен қызметкерлерін ҚазҰЖҒА қаражаты есебінен іссапарға жіберу туралы ұсыныстар енгізуге;
  • Пагуош ғалымдар қозғалысының халықаралық басқару органдарының ұсынуы бойынша Қазақстанның Пагуош комитетінің Пагуош ғалымдар қозғалысына жыл сайынғы мүшелік жарнасының мөлшері туралы ҚазҰЖҒА Төралқасына ұсыныстар енгізуге;
  • ҚазҰЖҒА Төралқасының келісімімен Қазақстанда халықаралық, ұлттық және өңірлік конференцияларды, симпозиумдарды, оқуларды, семинарларды, Пагуош ғалымдар қозғалысы мен оның ұлттық комитеттері басшылығының ресми сапарларын, сондай-ақ Комитет және Пагуош ғалымдар қозғалысы қызметінің негізгі бағыттары шеңберіндегі мемориалдық және мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысуға;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісін пайдалана отырып, бейнеконференцияларды, форумдар мен өзге де іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысуға;
  • Комитет және Пагуош ғалымдар қозғалысы қызметінің негізгі бағыттары бойынша көрмелер мен тұсаукесерлерді ұйымдастыру мен өткізуге қатысуға;
  • ҚазҰЖҒА Төралқасына белгіленген тәртіппен осы Ереженің 3.5., 3.6. және 3.7-тармақтарында көрсетілген іс-шараларды қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
  • Комитет және Пагуош ғалымдар қозғалысы қызметінің негізгі бағыттарына байланысты ақпараттық және анықтамалық бюллетендерді, буклеттер мен брошюраларды бастыруға дайындықты ұйымдастыруға;
  • ҚазҰЖҒА Төралқасына белгіленген тәртіппен бастыруға бекіту үшін монографиялардың қолжазбаларын, ғылыми мақалалардың, еңбектердің жинақтарын жәнеконференциялардың, симпозиумдар мен семинарлардың баяндамаларының тезистерін, сондай-ақ Комитет және Пагуош ғалымдар қозғалысы қызметінің негізгі бағыттары бойынша ғылыми-көпшілік басылымдардың қолжазбаларын ұсынуға;
  • «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндесайтының және«Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ҚазҰЖҒА ресми сайтының тиісті бөлімінде парақшасының болуына;
  • ҚазҰЖҒА Төралқасынан, бөлімшелерден, өңірлік бөлімшелерден, өңірлік филиалдардан Комитеттің өз қызметін атқаруына байланысты ақпарат сұрауға;
  • Комитет мүшелерінен, жекелеген ғалымдар мен мамандардан Комитет және Пагуош ғалымдар қозғалысыөткізетін конференциялар мен басқа да іс-шараларда оқуға дайындалған баяндамалардың тезистері мен мәтіндерін сұрауға;
  • Комитет және Пагуош ғалымдар қозғалысының негізгі бағыттары бойынша белгіленген тәртіппен қазақстандық ғылыми ұйымдардан жүргізілген зерттеулер туралы ақпарат сұрауға;
  • Комитетке сіңірген зор еңбегі, Пагуош ғалымдар қозғалысына белсене қатысқаны, Комитеттің іс-шараларын дайындауға, ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлесі үшін жеке және заңды тұлғаларды Комитеттің құрмет грамоталарымен, дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапаттауға құқылы.

4. Комитеттің қызметі

Комитетөз қызметін:

  • өз отырыстарында тиісті мәселелерді қарау арқылы;
  • көзбе-көз және сырттай ғылыми халықаралық, бүкілресейлік және өңірлік іс-шараларды (конференциялар, сессиялар, мектептер, симпозиумдар, семинарлар, кеңестер), мерейтойлық және мемориалдық мәжілістерді, сондай-ақ «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндеконференциялар мен тақырыптық форумдарды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу жолымен;
  • Комитет мүшелерінің Комитет шешімдерін, Комитет қаулыларын, Комитет төрағасының тапсырмаларын орындауы арқылы жүзеге асырады.
  • Комитет мәжілістері қажетіне қарай, бірақ кем дегенде жылына бір рет өткізіледі. Мәжілістердің күн тәртібін, оларды өткізетін уақыт пен орынды Комитет төрағасы бекітеді. Комитет Комитет құзыретіне жататын барлық мәселелерді қарауға, Комитет қызметінің негізгі бағыттары бойынша Комитет мүшелері мен жекелеген ғалымдардың хабарламалары мен есептерін тыңдауға құқылы. 
  • Комитет шешімдері мәжілістерде оның мүшелерінің жартысының кемінде жай көпшілік дауысымен ашық дауыс беру жолымен қабылданады және Комитет төрағасы мен хатшысы қол қойған хаттамалар түрінде ресімделеді.
  • Комитет төрағасының, төраға орынбасарларының, ғылыми хатшының арасындағы міндеттерді бөлісу.
  • Комитет төрағасы Комитет қызметіне басшылықты жүзеге асырады, ҚазҰЖҒА Төралқасында Комитетті білдіреді, Комитеттің халықаралық қызметіне басшылық жасайды, Комитетті Пагуош ғалымдар қозғалысының халықаралық басқару органдарында, министрліктерде, ведомстволар мен ұйымдарда білдіреді, Комитет мәжілістерін жүргізеді, Комитеттің ағымдағы қызметінің өзге де мәселелерін шешеді.
  • Комитет төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін Комитет төрағасы орынбасарларының бірі атқарады.
  • Комитет қызметін Комитеттің хатшысы қамтамасыз етеді, ол ҚазҰЖҒА Төралқасымен және оның аппаратымен, Пагуош ғалымдар қозғалысының хатшылығымен, басқа ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Комитет шешімдерінің және Комитет төрағасы тапсырмаларының орындалуын  қамтамасыз етеді.
  • Комитет мүшелерінің Комитет төрағасының келісімінсіз Комитет атынан сөз сөйлеуге құқы жоқ.
  • Комитетке жалпы басшылықты ҚазҰЖҒА Төралқасы жүзеге асырады.
  • Комитет ҚазҰЖҒА Төралқасына жәнеПагуош ғалымдар қозғалысының халықаралық басқару органдарына жыл сайын өз қызметі туралы есеп береді.

5.    Комитеттің құрамы және құрылымы

  • Комитет Комитеттің төрағасынан, төрағаның орынбасарларынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады.
  • Комитеттің құрамы және құрамдағы кез келген өзгерістерді Комитет төрағасының ұсынысы бойынша ҚазҰЖҒА Төралқасыбес жыл мерзімге бекітеді.