2019 жылғы 21 – 25 қаңтар аралығында, ҚР Ұлттық ядролық орталығы негізінде осымен жетінші рет, ядролық және радиологиялық аварияларға дайындық жөніндегі жыл сайынғы оқу-жаттығу тренинг-курсы өткізілді.
Курс жұмысына Жапония атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (JAEA) сарапшылары, сонымен қатар ҚР ҰЯО-ның инструкторлары қатысты. Биылғы жылы оқу-жаттығуға 12 адам қатысты. Жеті жыл ішінде Ұлттық ядролық орталықтың барлығы 72 қызметкері қатысты.
Тренинг – курс, ең алдымен, қызметі халыққа және қоршаған ортаға авариялардың жағымсыз салдарын болдырмаумен байланысты мамандарға, сондай-ақ авариялық жағдайды бақылауды қалпына келтіруге арналған.
Бір апталық курс шеңберінде теориялық цикл, практикалық жаттығулар және радиациялық қауіпсіздік және экология институтының зертханаларына техникалық тур өткізілді.