Қазақстанның Пагуош комитетінің қызметі жоспарының шеңберінде «Геофизикалық зерттеулер институты» РМК Ядролық сынауларға жаппай тыйым салу туралы шарты (ЯСЖТШ) күшіне енуге жәрдем ету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Қазақстандық KNDC орталығы (Геофизикалық зерттеулер институты құрамында) және NORSAR норвегиялық орталығының Ұлттық деректер орталығы, өздерінің ұлттық станциялар желілерімен тіркелетін жарылыстар мен жерсілкінулерден сейсмикалық және инфрадыбстық сигналдарын үздіксіз өңдеуін жүргізеді. Норвегия Қазақстанға ядролық сынауларды бақылау бойынша жұмыстарды қалыптастыруында, сигналдарды табу мен көздерін жергіліктеу әдістерін әзірлеуінде көмектескен. Осы жұмыстарды өзіне қосатын жоба 2015 ж. аяқталған. Қазіргі кезінде ЯСЖТШ қолдауына Қазақстан мен Норвегияның бірлескен жаңа жобасы туралы келіссөздер аяқталуға жақын. Жаңа жоба ядролық қауіпсіздіктің проблемаларын шешуінде Орталық Азияның елдерін жақындатуға көзделген. Қазақстан Орталық Азия елдерінің – Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан – ұлттық деректер орталықтарының ЯСЖТШ қолдауына аймақтық ынтымақтастығын үйлестіретін орталығы болады. Алматыда KNDC базасында бес елдердің мамандары үшін сейсмикалық станциялардың деректерін өңдеу бойынша тренинг-орталығын ұйымдастыруы, Орталық Азия аумағы үшін аймақтық сейсмикалық бьллетень шығаруы, сондай-ақ бірлескен бақылаулар мен зерттеулерді жүргізуі жоспарлануда. 2018 жылғы қаңтар айында осы жоба Норвегияның Сыртқы істер министрлігімен, қауіпсіздік департаментімен мақұлданған.
2018 жылғы 12 ақпанда Қазақстандық ұлттық деректер орталығына Орталық Азия елдеріндегі Норвегияның елшісі Оле Йохан Бьерно мырза және Норвегияның Сыртқы істер министрлігінің секциясы диркекторының орынбасары Хелен Санд Андресен сапармен келген. Аймақтың қауіпсіздігі, ЯСЖТШ станцияларымен мониторингтін деректерін азаматтық және қоғамдық міндеттерін шешуінде пайдалану мақсатында Орталық Азияда ынтымақтастық туралы келешектегі жобаны талқылауы жүргізілген. 2018-2020 ж.ж. келісім-шартқа қол кою 2018 ж. сәуір айына белгіленген.