«Ядролық сынаулардың және олардың зардаптарының мониторингі» Х Халықаралық конференциясы

Қазақстанда 2018 жылғы тамыздың 06-сы мен 10-ы аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Геофизикалық зерттеулер институтының базасында «Ядролық сынаулардың және олардың зардаптарының мониторингі» Х Халықаралық конференциясы өткізілді. 
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (ҚР ЭМ), ҚР ЭМ Геофизикалық зерттеулер институты, Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу шарты жөніндегі ұйымы, Норсар Норвегиялық орталығы, Францияның атом энергетикасы жөніндегі комиссариаты, РҒА Сібір бөлімшесінің Есептеу математикасы және математикалық геофизика институты, РҒА геосфералар динамикасы институты, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық конференцияның ұйымдастырушылары болып табылды.

 
1991 жылғы тамыздың 29-ында Семей сынақ полигонының жабылу күнінде БҰҰ шешімімен және Қазақстанның бастамасымен атап өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнінің қарсаңында  конференцияның өткізілуі, оның ерекшелігі болып табылады.   
 Х Халықаралық конференцияның жұмысына 16 мемлекеттің (Беларус, Индия, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Украина, Франция), төрт халықаралық ұйымдардың – Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу шарты жөніндегі ұйымының (ЯСЖТШҰ), Халықаралық сейсмологиялық орталықтың (ISC), IRIS, ХҒТО-ның ғалымдары мен мамандары қатысты, олар 40 жуық ұйымдарды көрсетті. Ұйымдастырушы-қатысушы ұйымдардың арасында - АҚШ Әуе күштерінің қолданбалы технологиялар агенттігі (AFTAC), АҚШ Колумбия университетінің Ламонт-Дохерттік жер обсерваториясы (LDEO), АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерлерді қысқарту агенттігі, Францияның атом энергетикасы бойынша комиссариаты (СЕА/DASE),  NORSAR Норвегиялық орталығы, Беларус ұлттық ғылыми  академиясының геофизикалық мониторинг орталығы (БҰҒА), Ресей ғылым академиясының геосфералар динамикасы институты (РҒА ГДИ), Ресей ғылым академиясының «Бірыңғай геофизикалық қызметі» федералдық зерттеу орталығы (РҒА ГҚ ФЗО), РҒА Жер физикасы ғылыми-зерттеу институты (РҒА ЖФИ), Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Геология және минералогия институты (РҒА СБ ГМИ), РҒА Сібір бөлімшесінің Есептеу математикасы және математикалық геофизика институты (РҒА СБ ЕМжәнеМГИ), Воронеждің, Новосібірдің мемлекеттік университеттері, Новосібірдің  мемлекеттік техникалық университеті, РҒА Геофизикалық қызметінің Солтүстік-Осетия филиалы, Бішкек қаласындағы РҒА Ғылыми станциясы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Геофизикалық зерттеулер институты (ГЗИ РМК), Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылыми академиясының Сейсмология институты, Өзбекстан Республикасының Ғылым академиясының Сейсмология институты (ӨР ҒА СИ) және т.б. да бар. Конференцияға барлығы 82 ғалымдар мен мамандар қатысты.

 
 Конференция басталар алдында мәлімделген 72 баяндамалардың тезистері басылып шығарылды, 28 баяндамалардың бірінші бөлімдерін қосатын ҚР ҰЯО Жаршысы жарық көрді.  
Конференцияның 4 сессиясында 63 баяндама ұсынылды (стендтіктерін қоса алғанда), шамамен 190 авторлар:
1. ЯСЖТШ бақылау жүйелерінің шұғыл даярлығындағы өрлеу (13 баяндама).
2. Оқиғалардың көздерін зерделеудегі тиімділікті арттыру (18 баяндама).
3. Ядролық жарылыстардың салдарларын зерттеу және Орындағы инспекция (14 баяндама).
4. Азаматтық  және  ғылыми мақсатта ядролық мониторингтің жүйелері мен деректерін пайдалану (18 баяндама).