«Ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздік туралы»

2019 жылы 25 қыркүйек күні Өскемен қаласында Қазақстан-Американдық еркін университетінің (ҚАЕУ) жиналыс залында, «ҚПК 2019 жылға арналған шаралар жоспарын» орындау мақсатында, ҚАЕУ демеуімен және ҚЯҚ көмегімен Өскемен қаласының жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, қызметкерлері, профессорлар-оқытушылар құрамы үшін «Ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздік туралы» семинар өтті. Шара Қазақстанда жарияланған жастар жылы аясында өтті.

Семинарды ҚҰЖҒА Президиуміндегі ҚПК мүшесі, ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі, профессор, химиялық ғылымдар докторы – Мамбетказиев Ережеп Альхаирович ашты. Ол 1955 жылы пайда болған Пагуош ғалымдар қозғалысының тарихы, 2017 жылы ҚҰЖҒА Президиумінде құрылған ҚПК қызметі және мақсаттары жайлы қысқа айтып берді.

ҚПК мүшесі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, «ҚАЭС» АҚ бас директоры Жантикин Тимур Мифтахович 2017 жылы маусымда Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттігінің (АЭХА) қамқорлығымен Үлбі металлургиялық зауытында орналастырылған Төмен байытылған уран қорын сақтау орнының мақсаттары және тапсырмалары, және оны құрудағы Қазақстанның рөлі жайлы баяндама жасады.

 

Бейбітшілік, қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік, әлемдік термоядролық соғысты болдырмау және ғылыми ынтымақтастықты қолдайтын Пагуош жастар қозғалысының пайда болу тарихы жайлы, студенттер, жас ғалымдар мен мамандардың халықаралық ғылыми байланыстарын дамыту және нығайту мақсатында Қазақстандық Пагуош комитетінің жастар бөлімін құру жайлы ҚР ҰЯО РМК Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, ҚПК мүшесі – Миниязов Арман Жанарбекович өз баяндамасында айтып өтті.

Қазақстан Пагуош комитетінің Төрағасы Школьник В.С. тапсырысы бойынша ҚАЕУ кітапханасы қорына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланған қазақстандық ғалымдардың ортақ еңбегі «Бұрынғы Семей сынақ полигонын қауіпсіз күйге келтіру бойынша ғылыми-техникалық және инженерлік жұмыстар кешенін жүргізу» 3 томдығы тапсырылды.

Кездесу нәтижелерін Қазақстан ядролық қоғамы Атом энергиясы бойынша ақпараттық орталығының директоры Алиев С.А. қорытындылады.