2021 жылы 14 сәуірде «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Ашық алаң» телешоуында «Ядролық ғылым мен ядролық технологиялардың экономиканың түрлі салаларын дамытуға қосқан үлесі» тақырыбы аясында пікірталас болды. Пікірталасқа сарапшылар ретінде еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері қатысты:
- Қоянбаев Е.Т. - ҚР ҰЯО АЭИ-ты директорының орынбасары;
- Миниязов А.Ж. - ҚР ҰЯО АЭИ-тының зертхана басшысы, ҚПК мүшесі;
- Жансейітов Д.М. - ҚР ЯФИ-ты директорының орынбасары;
- Боргеков Д.Б. - ҚР ЯФИ-ты филиалы директорының орынбасары.
Бағдарламаның жүргізушісі Толықбай М.
Елдің өмірі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты тұрғындарды мазалайтын тақырыптар тікелей эфирде талқыланды. Спикерлер эфирде жүргізуші мен көрермендердің ядролық технологияларды медицинада және ауыл шаруашылығында қолдануына, атом электр станциясын салу келешегіне және жалпы отандық атом ғылымын дамытуға арналған сұрақтарына толық жауаптар мен түсіндірулер берді.
Сілтеме бойынша телешоудың толық нұсқасы: