«Таза көмір: Инновациялар және Экологиялылық»

27.09.2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласында Конгресс орталықта XII KAZENERGY: «Энергия көздерінің болашағы: Инновациялық өсу» Еуразиялық форумының  бағдарламасының аясында және «ҚПК 2019 жылға арналған шаралар жоспарын» орындау мақсатында профессор, техникалық ғылымдар докторы, ҚПК хатшысы – Ахметов Т.З. «Таза көмір: «Инновациялар және Экологиялылық» дөңгелек үстелін ұйымдастыруға және өткізуге қатысты.

Көмір өнеркәсібі Қазақстандағы маңызды ресурстық салалардың бірі, оның қазіргі таңдағы ЖІӨ үлесі 1,5% құрайды. 2018 жылы елде 113,7 млн. тонна көмір өндірілді, бұл 2017 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 6,5% жоғары.
Қазақстанның «жасыл экономикаға» ауысуының тұжырымдамасына сәйкес елде көмір қабаттарынан метан (КҚМ) өндіру бойынша кешенді жобаны жүзеге асыру, сонымен қатар 2019 жылы ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген КҚМ барлау және өндіру бойынша шаралар жоспары өзектендірілген.
Дөңгелек үстелде талқыланған сұрақтар:

  • Көмір саласының даму стратегиясы: көмір өндірудің келешегі қандай?
  • Көмір өнеркәсібін дамытудағы жаңа тәсілдер.
  • Көмір өндіруді экологияландыру.
  • «Таза көмір» бірегей технологиялары: көмірді қалай тазартуға болады?
  • Шет елдердің көмірді пайдаланудың экологиялық таза технологияларын жүзеге асыру және көмірді жағудың ілеспе өнімдерін жою тәжірибесі.  

Спикерлер ретінде жас ғалымдар шақырылды:

  • Джелдыбаева И.М., PhD – «Жаңа химиялық технологиялар және материалдар» ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, «Жанатын қатты қазбаларды кешенді қайта өңдеу: қазіргі күйі және келешегі» тақырыбында баяндама жасады.
  • Айтбекова Д.Е. – Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ 2 курс PhD докторанты, «Ауыр көмірсутекті шикізатты катализатормен қайта өңдеу» тақырыбында презентация жасады.
  • Кенесов Б.Н., профессор, х.ғ.д. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ФХӘАО директоры, «Алматы қаласының мысалында мегаполистерде атмосфералық ауаның ластануындағы көмір энергетикасының үлесі» тақырыбында баяндама жасады.

Дөңгелек үстел талқылауларына қатысқандар:

  • Муханов Т.М. – «Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТБ Атқарушы директорының бірінші орынбасары, ол қазақстандық көмір кәсіпкерлеріне салық жеңілдіктерін бере отырып, жоғары шекті көмір өнімін өндіруді дамыту үшін көмір кәсіпорындарының айналасында арнайы экономикалық аймақтар жасаудың маңыздылығын атап өтті;
  • Татеева А.Б. – Е.А.Букетова атындағы ҚарМУ химиялық технологиялар және экология кафедрасының профессоры (модератор);
  • Ахметов Т.З. – профессор, қатысушыларды ҚҰЖҒА Президиуміндегі ҚПК құрамындағы энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікпен айналысатын ғалымдардың мүмкіндіктеріне назар аударуға шақырды. Мысалы, профессор Школьник В.С. ЭКСПО-2017 шеңберінде өткен «Бүкіләлемдік инженерлер және ғалымдар конгресінде» өз әріптестерімен бірге «Көміртектің қостотығын жою саласындағы әлемдік тенденциялар және қазақстандық шарттар» атты шолу баяндамасын жасады, онда отындық-энергетикалық, металлургиялық, химиялық және басқа да өнеркәсіптік кешендер ластандырғыш заттардың (шаң, күл, күкірт, органикалық заттар, азот тотықтарының қосындысы) үлкен көлемін шығарушылар болып табылатындығы және олардың «жылыжай эффектісі» қалыптасуындағы рөлі көмірқышқыл газымен салыстырғанда маңызды болуы мүмкін екендігі аталып өткен;
  • Тарасов Г.А. – КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС Инновациялар және маркетинг бойынша басқарушы директор, И.М. Джелдыбаеваның баяндамасына қызығушылық танытты және Қостанай облысы «Күшмұрын» кен орнында қоңыр көмір өндіру барысында метанды қайта өңдеу мәселесі бойынша «Жаңа химиялық технологиялар және материалдар» ҒЗИ-мен ынтымақтасу мүмкіндігін талқылауға дайындығын танытты;
  • Акчулаков Б.У. – KAZENERGY ассоциациясының бас директоры, Дөңгелек үстел қатысушыларына алғысын білдірді, жас мамандардың белсенді қатысқандығын және жоғары деңгейде өткен осы шараны ұйымдастыруға көмектескен ҚПК-н атап өтті.

Жұмыс соңында Дөңгелек үстел қатысушыларына «Жаңа химиялық технологиялар және материалдар» ҒЗИ-мен арнайы шығарылған, авторлары Ж.Каирбеков және И. Джелдыбаева: «Жанатын қатты қазбаларды кешенді қайта өңдеу: қазіргі күйі және келешегі» жинағы (орыс және ағылшын тілдерінде жарияланған) таратылды.