Ресей Федерациясының ұйымдарымен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық

ҚР ҰЯО РМК зерттеу реакторларын төмен байытылған отынға конверсиялау жұмыстары шеңберіндегі ынтымақтастық

ҚР ҰЯО РМК мен ресейлік ұйымдар арасындағы зерттеу реакторларын конверсиялау жөніндегі ынтымақтастық 2013 жылдан бері келесі келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылуда:

- ҚР ҰЯО РМК, «Луч» ҒӨБ ҒЗИ» ФМУК («Луч» ғылыми-зерттеу институты» федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны, Подольск қ., Мәскеу облысы) және АҚШ үкіметімен жасалған, DOE, № DE-AC07 05 1 45 1 7 келісімшарт шеңберінде әрекет ететін BATELLE ENERGY ALLIANCE, LLC арасында ИВГ.1М реакторы үшін төмен байытылған уран отынын жасауға арналған 13.07.2013 ж. № 00128997 үшжақты келісімшарт;

- ҚР ҰЯО РМК, «Луч» ҒӨБ ҒЗИ» ФМУК («Луч» ғылыми-зерттеу институты» федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны, Подольск қ., Мәскеу облысы) және BATELLE ENERGY ALLIANCE, LLC арасында ИГР реакторы үшін төмен байытылған уран отынының үлгілерін жасауға арналған 14.02.2013 ж. № 00129076 үшжақты келісімшарт.

2016 жылғы қыркүйектің соңында, қазанның басында «Луч» ҒӨБ ҒЗИ» ФМУК әзірлеген төмен байытылған отындағы екі эксперименттік ССТА арнасы ИВГ.1М реакторының актив аймағына жүктеліп, соңынан реактордың шектік жағдайы және актив аймақта эксперименттік арналардың болуына байланысты реактордың реактивтілік қорының өзгеруі анықталды.  

2017 жылғы қазанда ИВГ.1М реакторының перспективалық төмен байытылған отындағы эксперименттік ССТА-ларын ресурстық реакторішілік сынау бағдарламасын іске асыру басталды. 2018 жылғы ақпанның соңындағы жағдай бойынша қажет етілетін 1080 МВт×сағаттан  191.4 МВт×сағат қосынды энергия бөлу арқылы 6 МВт қуатта ИВГ.1М реакторы 9 рет іске қосылды (2017 жылы 5 рет, 2018 жылы 4 рет).      

ИГР реакторының эксперименттік отын үлгілерін реакторлық сынақтарға дайындау жүзеге асырылуда.

«Росатом» МК кәсіпорындарымен ынтымақтастықта ИВГ.1М және ИГР зерттеу реакторларының сәулеленген және пайдаланылған отынын Ресей Федерациясына ықтимал әкетуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.  

 

Басқарылатын термоядролық синтез саласындағы ынтымақтастық

2017 жылғы 9 маусымда, Қазақстан Республикасының бас қаласы Астанада өткен ЭКСПО-2017 «Болашақтың энергиясы» халықаралық көрмесінің ашылу қарсаңында КТМ токамагын физикалық іске қосудың 1-ші кезеңі ойдағыдай өткізілді, оның мақсаты КТМ-нің барлық штаттық жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін жөнге келтіріп, тексеру болды. Физикалық іске қосудың 1-ші кезеңін өткізу барысында плазма тогы 10 кА және ұзақтығы 15 мс болатын плазмалық разряды іске асырылды.  

КТМ токамагын физикалық іске қосуды іске асыру жұмысына ресейлік Курчатов институты, Ефремов атындағы ЭФАҒЗИ және мамандандырылған Троицк институтының қызметкерлері үлкен көмек көрсетті.    

Қазіргі уақытта КТМ кешенін пайдалануға беру үшін қажетті құрылыс-монтаждау жұмыстарының барлық көлемі мен іске қосу-баптау жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Қондырғыны физикалық іске қосудың соңғы кезеңін іске асыруға және КТМ кешенін пайдалануға беруге дайындық жүргізілуде.  

2017 жылғы 26 мамырда Қазан қаласында ТМД-ның алты елі: Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан КТМ токамагын бірлесіп пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Аталған Келісім 2018 жылғы 18 ақпанда күшіне енді.

КТМ токамагын бірлесіп пайдалану туралы келісімді іске асыру мақсатында мамандарды машықтандыру, тәжірибемен алмасу, жұмыстардың нәтижелерін бірлесіп талқылау, халықаралық конференцияларда ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері  бірлесіп жариялау және апробациялау, басқа елдерді бірлескен зерттеулерге тарту, мүдделі шетелдік әріптестерден қосымша инвестициялар тарту жүзеге асырылатын болады.

КТМ токамагындағы 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулер бағдарламасы 02.03.2018 жылы Мәскеудегі ТМД Экономикалық кеңесі отырысында бекітілді. 

 

Екіжақты меморандумдар келісімдер

2016 жылы Мәскеу қаласында АТОМЭКСПО форумы шеңберінде ҚР ҰЯО РМК мен «Русатом – Международная Сеть» ЖМ – «РОСАТОМ» мемкорпорациясының еншілес ұйымы арасында өзара түсіністік және стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  

2017 жылы Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК мен ҒЗКИЭТ АҚ арасында ресейлік «Прорыв» жобасы шеңберінде құрылып жатқан БРЕСТ-300 тәжірибелік-демонстрациялық реакторында пайдалану жоспарланған перспективалық АНУП-отынына эксперименттік зерттеулер жүргізудегі ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.