2022 жылғы 4-6 тамыз аралығында Қазақстанның Пугваш комитетінің мүшелері, профессор, химия ғылымдарының докторы Мансуров З.А. және Миниязов А.Ж. Нұр-Сұлтан қаласында өткен INESS-2022 «International Conference on Nanomaterials and Advanced Energy Storage Systems» мерейтойлық конференциясына қатысты. Халықаралық конференция жұмысына әртүрлі елдерден 160-қа жуық ғалымдар қатысып, Сингапур, Жапония, Корея, АҚШ, Ресей, Тайвань, Швейцария, Түркия және Қазақстан ғалымдарының ғылыми еңбектері ұсынылды.
Конференция аясында профессор Мансуров З.А. «Recent advances and outlook in nanotechnology» тақырыбында баяндама жасап, нанотехнологияны дамытудың өзекті ғылыми мәселелерімен және перспективаларымен бөлісті. Миниязов А.Ж. термоядролық техникаға арналған перспективті құрылымдық материалдарды құру саласындағы зерттеулерге бағытталған «Study of Changes in the Structure of Carbidized Tungsten under Plasma Irradiation» тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияға қатысушылар материалтану, нанотехнология, экология, жаңартылатын энергия көздері және энергияны сақтау жүйелеріндегі прогресс пен проблемалар туралы өз көзқарастарымен бөлісті. Конференцияның қорытындысы бойынша конференция тақырыптары аясындағы өзекті зерттеулер қарастырылып, ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Толық ақпаратты ресми парақшалардан табуға болады: www.nu.edu.kz и www.iness.kz.