2022 жылғы 14 қарашада ҚазҰЖҒА жанындағы Қазақстан Пагуош комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әл - Фараби атындағы ҚазҰУ бейорганикалық химия кафедрасының профессоры, "Б. А. Беремжанов атындағы Қазақстан химиялық қоғамы" РҚБ төрағасы Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлына 70 жыл толады |
Профессор М. Бүркітбаев ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін", "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгілерімен марапатталып, ҚР Президентінің 14.10.2022 жылғы Жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілген.
Қазақстанның Пагуош комитеті профессор М. М. Бүркітбаевты мерейтойымен шын жүректен құттықтайды және оған зор денсаулық, бақыт, амандық, ғылыми және қоғамдық қызметте табыс тілейді!
Қазақстан Пагуош комитетінің төрағасы, профессор |
В. Школьник |