ҚПК мен РПК жастар бөлімдерінің арасында жиналыс өткенін

Қазақстан Пугваш Комитетінің Хатшылығы:

2020 жылдың 24 қарашасында Қазақстанның Пугваш Комитеті (ҚПК) мен Ресей Пугваш Комитеті (РПК) жастар бөлімдерінің арасында жиналыс өткенін хабарлайды. Коронавирустың таралуы себебінен шектеу шараларына байланысты кездесу онлайн режимінде ұйымдастырылды.

Кездесуге:

  • Ресей Пугваш комитетінің Ғылыми хатшысы Лебедев М.А.;
  • ҚПК мүшесі және Жастар бөлімінің төрағасы Миниязов А.Ж.;
  • РПК мүшесі және Жастар бөлімінің төрағасы Самойловская Н.А.;
  • ҚПК Жастар бөлімінің мүшесі Ботов А.А.;
  • ҚПК Жастар бөлімінің мүшесі Мұсабаев Р.Р.;
  • РПК мүшесі Корзун П.

 

Кездесуге қатысушылар 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстарды, соның ішінде Халықаралық Жастар Пугваш іс-шараларына қатысу бойынша сұрақтарды қарастырды.

Кездесу пікір алмасумен және ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауға ұласты. Нәтижесінде, тараптар ғалымдардың Пугваш қозғалысы аясында бірлескен міндеттерді жүзеге асыру үшін өзара ынтымақтастық туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. Екі ұлттық Пугваш комитеттерінің жастар бөлімдерінің өзара әрекеттесуі және бірлескен басылымдар жүргізу мәселелерін талқылады.