2021 жылы 28 қаңтарда ҚазҰЖҒА жанындағы Қазақстанның Пугваш Комитетінің 4-ші отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан Пугваш комитетінің мүшелері және Комитеттің Жастар бөлімі, сонымен қатар шақырылған қатысушылар қатысты:
- Савельев С.Р., ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саясатты зерттеу институтының аға сарапшысы;
- Масалимов Ж.К., Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің биотехнология кафедрасының доценті;
- Идрисов А.Т., «KazRENA» қауымдастығы Бас директорының кеңесшісі.
Комитеттің төрағасы, профессор Школьник В.С. өзінің кіріспе сөзінде:
- Қазақстанның Пугваш комитеті жүргізіп жатқан жұмыстың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті және бұл міндеттер пандемиядан кейінгі кезеңдегі жұмыстың маңызды бағыты бола алады;
- Пугваш қозғалысы «Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісімнің» алға басуына және ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы басқа да заңдық құжаттардың жетілдірілуіне ықпал ете алады деп баса айтты. Сонымен қатар, осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту - ғалымдардың Пугваш қозғалысының жүзеге асыруға қажет келешек міндеті.
Комитет хатшысы, профессор Ахметов Т.З. «2020 жылға арналған ҚПК-ның іс-қимыл жоспарын» іске асыру туралы ақпаратты және «2021 жылға арналған ҚПК-ның іс-қимыл жоспарының» жобасын ұсынды. 2021 жылға арналған ҚПК-ның іс-қимыл жоспарына қатысты барлық ұсыныстар бірауыздан қабылданды.
Отырыстың күнтәртібіне сәйкес қатысушылар да сөз сөйледі:
- Раманқұлов Е.М., ҚР БҒМ «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бастамалары туралы, атап айтқанда ДДҰ жариялаған хаттамалары негізінде ПТР арқылы коронавирусты анықтауға арналған жинақ жасау және оларды қолдану диагностикасының басталуы туралы хабарлады. толығымен отандық және сенімді ПТР-тест жүйесін құру, сонымен қатар мемлекеттің тікелей қолдауымен халықты COVID-19-қа қарсы вакцинациялаудың маңыздылығын атап өтті.
- Жапаров Б.А. цифрлық технологиялардың дамуының өзектілігін атап өтті, әсіресе қазіргі пандемия кезінде. Ол «Қазақстан ғылымы мен жоғарғы білімнің әлемдік орталықтармен ғылыми және білім беру компьютерлік интеграциясы» тақырыбында ҚПК-мен бірлесіп халықаралық бейнеконференция өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Ол ғалымдарды, инженерлерді, студенттерді тарту және ынтымақтастық мақсатында, соның ішінде Қазақстанның осы бағыттағы жетекші рөлін күшейту үшін Орталық Азия елдерінде бірлескен күш-жігердің қажет екендігін атап өтті.
Жалпы, ғылыми, білім беру және ғылыми-техникалық қызметтерді интеграциялау, әкімшілік ету және ұйымдастырушы ретінде Қазақстанның Пугваш комитеті шешуші рөл атқара алады.
- Сармурзина Р.Г. Комитет мүшелеріне жақсы ұйымдастырылған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, пандемиямен байланысты жаңа күтпеген жағдайларды ескере отырып, Комитеттің іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру аясында нәтижелі жұмысын атап өтті.
- Миниязов А.Ж. биотехнология мен киберқауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне арналған бірқатар семинарлар мен кездесулерді ұйымдастыруға, сондай-ақ 2021 жылға арналған халықаралық ынтымақтастық, атап айтқанда Ресей Федерациясы мен Ұлыбританияның Жастар Пугваш топтары, бойынша бірлескен іс-шараларды нақтылауға және дайындауға Комитеттің Жастар бөлімі мүшелерінің белсенді қатысуын атап өтті.
Биылғы жылы Комитеттің Жастар бөлімінің негізгі жұмысы Пугваштың жастар топтарымен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жастарды Ғалымдардың Пугваш қозғалысына тарту мақсатында отандық ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерінің жас ғалымдары мен студенттерін тарта отырып, іс-шаралар өткізуге көмек көрсетуге бағытталады.
- Савелиев С.Р., Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаевтың Қ.Қ. БҰҰ Бас ассамблеясындағы мәлімдемесіне назар аударып, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу біздің ел үшін басты басымдық болып қала береді; пандемияға қарамастан, осы жылдың басы қаруды бақылау және таратпау саласында белгілі бір дәрежеде жігерлендіргіш болды – «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт» күшіне енді; АҚШ пен Ресей СШҚ шартын ұзартуға келісті; Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын жаңартуда ілгерілеушілік бар.
Профессор Школьник В.С. отырыстың қорытындысын шығарып, ҚПК-ға тәуелді емес себептермен 2021 жылға қалдырылған іс-шараларды қоспағанда, 2020 жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес Комитет өз қызметіндегі барлық іс-шараларды толық орындағанын атап өтіп.
Уақытша қиындықтарға қарамастан, халықаралық қатынастарды нығайту бойынша жұмыс жалғасуда, Комитеттің белсенді жұмысы өз нәтижесін ғалымдар арасындағы өзара әрекеттесуді кеңейту түрінде алып келеді, бұл өз кезегінде бірлескен ғылыми жобалардың бастамасы мен ұйымдастырылуына негіз болып табылады.