Қазақстанда атом ардагерлерінің халықаралық конференциясы өтті

ҚазҰЖҒА жанындағы ҚПК хатшылығы хабарлайды:

07 маусымда, Нұр-Сұлтан қаласында "Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығы мен Степногорск тау-кен химиялық комбинатының қолдауымен және Пагуош комитеті мүшелерінің көмегімен гибридті форматта халықтың ядролық энергетиканың қоғамдық қолайлылығын арттыруға арналған атом саласы ардагерлерінің халықаралық конференциясы өтті.

Конференция жұмысына "Атом энергетикасы мен өнеркәсібі ардагерлерінің халықаралық одағы" (АЭӨАХО) қоғамдық бірлестіктерінің халықаралық одағының мүшелері: Ресей, Беларусь, Армения, Словакия, Болгария, Литва және МАГАТЭ өкілдері қатысты. Барлығы 40-қа жуық адам қатысты.



Конференцияның ашылуында құттықтау сөз сөйлегендер:


  • АЭӨАХО (РФ) төраға орынбасары, жауапты хатшысы В.Т. Лебеденко "Ардагерлер қозғалысының тәжірибесі, білімі бар және ғылыми қоғамдастық ортасында беделі бар, бұл оған бейбіт атом саласындағы жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын елдерде атом энергетикасының қоғамдық қолайлылығын арттыру бойынша белсенді іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді" деп атап өтті;
  • "ҚЯҚ" қауымдастығының Басқарма Төрайымы, ҚПК мүшесі И.Л. Тажибаева Қазақстанның ядролық-энергетикалық объектілерді салу мен пайдалануда бірегей тәжірибесі бар, сондай-ақ ең озық технологияларды пайдалана отырып уран өндіруде сөзсіз көшбасшы болып табылатынын ерекше атап өтті. "АЭС құрылысы ядролық энергетиканы ғана емес, ғылым мен техниканың аралас салаларын дамытуда жаңа перспективалар ашады";
  • "СГХК" ЖШС  Бас директоры Б.А. Чирчикбаев конференция қатысушыларына табысты жұмыс тіледі.

 

Халықаралық конференция бағдарламасына сәйкес келесі баяндамалар жасалды:

  • Жантикин Т.М. (ҚПК  мүшесі), "КАЭС"  ЖШС Бас директоры "Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары" тақырыбында;
  • Чичикин Д.В. (ВАО АЭС-Мәскеу орталығы директорының бірінші орынбасары (РФ) "Цифрлық атом энергетикасы: сенімділік, қауіпсіздік, адам факторы" (онлайн);
  • Янко Янев (МАГАТЭ ардагерлер ұйымының өкілі, Болгария) "Адам өмірінің ұзақтығы мен сапасын қамтамасыз ететін әлемдік энергетиканың даму кезеңдері" тақырыбында (онлайн) ;
  • Савельев В.А. "Жүйелер мен технологиялар" МК АҚ бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары (РФ)  "Атом энергетикасының қазіргі заманғы қоғамды дамытудағы және халықтың өмір сүру деңгейін арттырудағы рөлі" тақырыбында;
  • Максимович Д.М. (АЭӨАХО төрағасының бірінші орынбасары (Беларусь)  «Беларусь Республикасындағы ядролық энергетиканың қоғамдық қолайлылығын арттырудағы ақпараттық технологиялардың рөлі" тақырыбында ;
  • Дуйсебаев Б.О. (АЭӨАХО төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстандық ардагерлер ұйымының үйлестірушісі)  "Ядролық индустрияның ғылыми әлеуеті негізінде болашақтың төмен көміртекті энергетикасы мен қалдықсыз өнеркәсібіне арналған жаңа технологиялар мен шешімдер"  тақырыбында;
  • Кузнецов Н.М. (IT–маман (РФ) "Атом энергетикасы мен өнеркәсібі объектілерінің ақпараттық және киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіби кадрларды даярлау" тақырыбында (онлайн).

 

Онлайн режимінде ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, атом саласының жетекші кәсіпорындары: "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК", ҚР ҰЯО және т. б. ұйым өкілдері қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша Қарар қабылданды, онда қатысушылар халықтың ядролық энергетиканың қоғамдық қолайлылығын қалыптастыруға және қолдауға бағытталған диалогты жалғастыру қажеттілігін белгіледі. Қарарда Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың өзектілігі атап өтілді.

Өткен іс-шара туралы толығырақ ҚЯҚ сайтында танысуға болады.