2021 жылы 6 мамырда Қазақстанның Пугваш комитетінің мүшелері ҚПК-ның іс-шаралар жоспарының 3.1 тармағына сәйкес Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) ЕҰУ-нің халықаралық қатынастар және Жан Моненің еуропалық дипломатиясы кафедраларымен бірлесе ұйымдастырған «Қазақстан ядролық қарусыздандыру және таратпау саласында» онлайн-форумына қатысты.
Форум қазіргі уақытта ғылыми тексеру, оқыту және ақпарат орталығы мен ХҒТО-ның бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Ядролық қарусыздануды тексерудің көпжақты мүмкіндіктерін нығайту» жобасы аясындағы іс-шаралардың негізі болып табылады.
Негізгі спикер ретінде белгілі ғалым, дипломат, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі Д.Ш. Елеукенов болды.
Іс-шара аясында ядролық қарусыздандыру және таратпау, Қазақстанның әлемдік ядролық саясаттағы рөлі, дипломатия саласындағы кадрлар мен мамандарды даярлау мәселелері талқыланды. Онлайн-форум нәтижесінде барлық тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алуға мүмкіндік алды.