2022 жылы 23 қыркүйекте Алатау кентіндегі Ғылыми кеңестің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институтының 65 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Шараға институт қызметкерлері, сала ардагерлері және шақырылған қонақтар қатысты: Школьник В.С. (ҚЯҚ президенті), және ҚПК мүшелері: Тажибаева И.Л., Ибраев Б.М. және Ахметов Т.З.
Салтанатты жиынды институттың бас директоры, ҚазЖҒҰА академигі Сахиев Саябек Қуанышбекұлы ашып, ұжымды айтулы датамен құттықтап, ондаған жылдарға дамуды алдын ала белгілейтін ЯФИ-ның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының рөлін ерекше атап өтті.
Одан кейін қызметкерлерге еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Атом саласының үздігі» төсбелгілерін, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ақшолақов Болат Оралұлының атынан алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыс етті. Сондай-ақ институтта көп жылғы еңбектері үшін жүзден астам ардагер «ЯФИ-на 65 жыл» мерекелік медальдарымен және институт басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шараның құрметті қонағы – мемлекет қайраткер, ҚЯҚ президенті, профессор Владимир Сергеевич Школьник қызметкерлердің қазақстандық ғылымның дамуына қосқан үлесін атап өттіп, Ядролық физика институтының ұжымын 65 жылдық мерейтойымен құттықтады және ғылыми-техникалық жұмыс бағыттарының ауқымы ескере отырып Ядролық физика институтын атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы бірегей ғылыми ұйым болып табылатынын айтты.
Ол институттың бастауында тұрып, жылдар бойы Отан даңқы жолында адал еңбек етіп, институттың нағыз ғылым, мәдениет және шеберлік ордасына айналуына атсалысқан тұлғаларға құрмет білдірді.
Ол Қазақстанның Ядролық Қоғамы атынан естелік сыйлықты табыс етіп, институттың бүкіл ұжымына ғылыми және шығармашылық әлеуетті одан әрі іске асыруда табыс, жаңа қызықты идеялар, кәсіби жетістіктер, барлық алға қойылған жоспарлар мен жобаларды жүзеге асыруда табыс, денсаулық, амандық және бақыт тіледі.
Шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Өткен шара бойынша толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институтының сайтынан алуға болады. www.inp.kz