2022ж. 30 қарашада "QazBioPharm" Ұлттық холдингі" АҚ жанындағы "ҰБО" ЖШС "2022ж. арналған ҚПК іс-шаралар Жоспарының" 1.4 т/т орындау мақсатында "Картахен биоқауіпсіздік хаттамасы бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында ҚР биоқауіпсіздік әлеуетін нығайту" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел "QazBioPharm" Ұлттық холдингі" АҚ жанындағы "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС өкілдерінің (Е.М. Раманкулов, В.С. Киян, К.К. Муканов, П.В. Тарлыков, Ж.М. Бекшин) және ҚазҰЖҒА жанындағы Қазақстанның Пагуош комитеті мүшелерінің (Т.З. Ахметов, Р.Г. Сармурзина, М.М. Буркитбаев, С.Р. Савельев, Ж.К. Масалимов) және ҚР ҚЯҚ (Алиев С.А.) қатысуымен гибридті форматта (онлайн/офлайн) өтті.
Дөңгелек үстел модераторы, PhD Раманкулов Е.М. кіріспе сөзінде іс – шараны өткізудің мақсаты - қатысушыларға Қазақстанда, оның ішінде Картахен хаттамасы шеңберінде биоқауіпсіздік әлеуетін нығайту туралы түсінік беру, Картахен хаттамасының не екенін және биоқауіпсіздік жөніндегі делдалдық механизм деген не екенін хабарлау екенін атап өтті.
Қазақстанның Пагуош комитетінің атынан алғы сөзімен Комитет Хатшысы, профессор Т.З. Ахметов сөз сөйледі.
Келесі тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды:
- PhD Е. М. Раманкулов "Биоәртүрлілікті сақтау үшін Қазақстанның флорасы мен фаунасының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің биобанкін құру" бағдарламасы" 2021-2022 жж. - Ұлттық биотехнология орталығының Қазақстанның биоқауіпсіздігіне қосқан үлесі";
- Б.ғ.к. Ю. А. Скиба "ҰБО Алматы филиалының ҚР-дағы биоқауіпсіздік қатерлеріне дайындықты және ден қоюды қамтамасыз ету бойынша тәжірибесі";
- Б.ғ.к. Ш. А. Манабаева "Генетикалық түрлендірілген организмдер. Ықтимал тәуекелді бақылау және бағалау әдістері";
- Б.ғ.д. К.К. Муканов "Биоқауіпсіздік жөніндегі делдалдық Механизмінің Орталық порталы: БДМ-да қолжетімді ақпаратты қалай пайдалануға болады".
Дөңгелек үстел сұрақ-жауап секциясымен және қорытындылаумен аяқталды.
Толығырақ ақпаратпен сайтта танысуға болады: info@biocenter.kz