1955 жылдың 9 шілдесінде ХХ ғасырдың ең көрнекті зиялыларының екеуі Бертран Расселл мен Альберт Эйнштейн адамзатқа үндеу тастап, ядролық қарумен байланысты үлкен қауіпті үкіметтер мен қоғамдар бірдей мойындауға шақырды. Рассел-Эйнштейн манифесті арқылы ядролық қару адамның тірі қалуына қауіп төндіретінін ескертті және ядролық қауіпті жоюға және болдырмауға үлкен күш салуға шақырды. Манифест 1957 жылы Пугваштың бірінші конференциясын өтуіне себебші болды. Пугваштың негізі мен мақсаттары Рассел-Эйнштейн манифесінде кездеседі: ядролық қарудың қауіптілігін атап өту, ядролық қаруды жоюға шақыру, жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге ықпал ету.
Бүгін, 2020 жылғы 9 шілде, Рассел-Эйнштейн манифесінің 65 жылдығы. 65 жылдан кейін қазіргі жағдай қалай?
Толық мәтінді www.pugwash.org веб-сайтында оқыңыз