2022 жылғы 12 сәуірде Женевада (Швейцария) Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты Өкілдігі және Женева қауіпсіздік саясаты орталығының (Geneva Centre for Security Policy; GCSP) ұйымдастыруымен Биологиялық қауіпсіздіктің Халықаралық агенттігін (БҚХА) құру мәселесі бойынша Халықаралық конференция өтті.
Қазақстан басшысы 2020 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында БҚХА құру туралы бастама көтерді.
Іс-шара жұмысына Ұлыбритания, Италия, ҚХР, Ресей, АҚШ, Франция және басқа елдердің ғалымдары мен биологиялық қауіпсіздік жөніндегі мамандары, жетекші халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конференцияға Ресей ғылым академиясының Президенті жанындағы Ресей Пагуош комитетінің мүшесі, Пагуош ғалымдар қозғалысының Женева штаб-пәтерінің директоры және Пагуош ғалымдар қозғалысы кеңесінің мүшесі, Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі (қызметін доғарған) Сергей Борисович Бацанов қатысты.
Іс-шара туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында орналастырылған.