El.kz ақпараттық агенттігінің шақыруымен 23 ақпан 2023 ж. «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС протеомика және масс-спектрометрия зертханасының меңгерушісі, Қазақстан Пугваш комитетінің Жастар бөлімінің мүшесі Тарлыков П.В. «Qyzyq Science» атты ғылыми подкаст (студияда бейне трансляция) форматында ғылыми-көпшілік семинарын өткізді. Бұл подкасттың негізгі мақсаты – ғылымды халық арасында, әсіресе жастар арасында кеңінен насихаттау.
Баяндама барысында туберкулезді зерттеу, антибиотиктерге қарсы препараттарға төзімділіктің пайда болуы, сонымен қатар туберкулезді қоздыратын бактериялардың генетикалық әртүрлілігі туралы айтылды. Сонымен қатар, биология мен медицинада масс-спектрометрия әдісін қолдану, сондай-ақ «протеомика» деп аталатын жаңа ғылыми бағыттың пайда болуы талқыланды. Бейнекөрсетілім барысында түрлі қызықты деректер мен жаңалықтар туралы ақпараттар тыңдалды.
Толық сұхбат:
https://www.youtube.com/watch?v=y_RgJwbRfWA