2019 жылы 22 сәуірде Дубна қ. (РФ) Біріккен ядролық зерттеулер институтында (БЯЗИ) жұмыс істейтін қазақстандық жас ғалымдар мен мамандардың кездесуі өтті. ҚПК 2019 жылға арналған шаралар жоспарының 2.1. тармағына сәйкес делегацияны ҚПК мүшесі, профессор Қ.Қ.Қадыржанов басқарды.
ҚР ЭМ ЯФИ РМК тарабынан ғылыми делегация құрамына ЯФИ РМК қолданбалы және теориялық материалтану зертханасының меңгерушісі С.Б. Кислицин және ЯФИ Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры М.В.Здоровец енді.
Қазақстандық әріптестерді БЯЗИ вице-директоры М.Г. Иткис және БЯЗИ қазақстандық топтың жетекшісі Д.Т. Азнабаев қарсы алды.
Кездесу есеп беру сессиясы форматында өтті, онда жас ғалымдар мен мамандар БЯЗИ базасында өткізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы баяндады. Осылайша, ГРИД-технологияларды қолдана отырып, БЯЗИ қатысушы елдер ұйымдарының үлестірілген ақпараттық-есептеу инфрақұрылымын құру, бірегей Байкал терең сулы нейтриндік телескопты құру, экзотикалық ядроларда кластерлік құрылымды эксперименттік зерттеу, ғылымның және т. б. әртүрлі салаларында нейтрондық радиография және томография әдістерін қолдану бойынша жұмыстардың нәтижелері ұсынылды.
20-дан астам қазақстандық мамандар өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. Қазіргі уақытта БЯЗИ ғылыми зертханаларында Қазақстаннан келген 100-ден астам жас ғалымдар мен мамандар жұмыс істейді және оқиды.