Бухарест қаласында Біріккен ядролық зерттеулер институтына мүше-мемлекеттер Үкіметтерінің Өкілетті өкілдері комитетінің кезекті сессиясы өтті.

Халықаралық ынтымақтастық

2018 жылғы 19-20 қараша кезеңінде Румыния астанасы Бухарест қаласында Біріккен ядролық зерттеулер институтына (бұдан әрі - БЯЗИ) мүше-мемлекеттер Үкіметтерінің Өкілетті өкілдері комитетінің (бұдан әрі - ӨӨК) кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілі ЯФИ РМК бас директоры Е.А. Кенжин мен Астана филиалының директоры М.В. Здоровец қатысты. 

http://www.jinr.ru/wp-content/uploads/2018/11/CP_1.jpg

Сессия барысында БЯЗИ-дың 2019 жылға арналған бюджет жобасы, БЯЗИ-ға мүше-мемлекеттердің 2020, 2021, 2022 жылдарға арналған жарналар жобасы қарастырылды. Сессияға қатысушылар БЯЗИ Қаржы комитетінің кезекті отырысының қорытындыларын қарастырды. Сессияда келесі баяндамалар тыңдалды:

  1. Қауымдастырылған мемлекеттермен жасалған келісімдердің мәртебесі туралы, Франциямен және басқа да елдермен келісімдерді даярлау;
  2. Ақпараттық технологиялардың негізгі тренділері, сын-тегеуріндері және даму болашағы.

20 қарашада БЯЗИ-Румыния ғылыми симпозиумы өтті. Симпозиумға қатысушылар «Хория Хулубей» ұлттық физика және ядролық инженерия ғылыми-зерттеу институтының (IFIN HH) зертханаларын аралады.

БЯЗИ мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мақсатында «Дубна» бірыңғай ғылыми-оқу орталығы, сондай-ақ ғылыми-техникалық жобалар бойынша конкурстық өтінімдерді қарастыру жөніндегі бірлескен сарапшылық комиссия құрылды. 2018 жылы сарапшылық комиссия ҚР-дың 6 ұйымынан және БЯЗИ-дың 6 зертханасы мен дирекциясынан түскен 16 жобаны мақұлдады. Қазіргі таңда Қазақстаннан келген 103 маман БЯЗИ-де ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.