Біріккен ядролық зерттеулер институтының (БЯЗИ) шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту туралы ақпарат

Жыл сайын наурыз айында Дубна қаласында Өкілетті өкілдер комитетінің және Қаржы комитетінің сессиясы өтеді, онда БЯЗИ өтетін істер жағдайы, БЯЗИ ұзақ мерзімді дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеу талқыланады, БЯЗИ Қаржылық комитеті отырысының негізгі қорытындылары шығарылады. 2018 жылдың наурызында өткен кезекті сессиясында Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің Өкілетті өкілі делегациясын бастаған РМК ЯФИ бас директоры Е.А. Кенжин болды.

2018 жылғы 26 наурызда Дубна қаласында Өкілетті өкілдер комитетін өткізу шеңберінде БЯЗИ тарихында жаңа кезеңнің басталуының 25 жылдығына арналған «БЯЗИ: жаңа дәуірдің 25 жылдығы» халықаралық конференциясы өтті, ол кезде Институт құрамына тәуелсіз мемлекеттер тобының қосылу барысы аяқталған болатын. Конференцияға қатысушылардың арасында БЯЗИ мүше мемлекет үкіметтерінің өкілетті өкілдері комитетінің, ресейлік және шетелдік министрліктер мен ведомстволардың мүшелері, Ресей Федерациясының шет мемлекеттер елшілігінің төтенше және өкілетті елшілері мен өкілдері болды.

 

Сессия аясында «Суперкомпьютер – БЯЗИ базалық қондырғыларын дамытудың перспективалы жобасы» атты баяндама жасалды, Ақпараттық технологиялар лабораториясында БЯЗИ ақпараттық технологияларды дамуытуға үлкен үлес қосқан Николай Николаевич Говорин аты берілген БЯЗИ суперкомпьютерінің презентациясы өтті.

Н.Н. Говорун атындағы суперкомпьютер БЯЗИ дирекциясы мен Өкілетті өкілдер комитеті қолдаған бірлескен жоба болып табылады, оған Институттың тарапынан Н.Н. Боголюбов атындағы Теориялық физика лабораториясы және Ақпараттық технологиялар лабораториясы, сондай-ақ РСК компаниясы, Intel корпорациясы, NVIDIA мен IBS Platformics компаниялары тобының мамандары қатысты. БЯЗИ жаңа есептеу кешенінің шыңдық қуаты бір петафлопсқа жуық болады, бұл секундына жылжымалы үтірмен операциялардың квадриллионына сәйкес келеді, сондай-ақ ол Ресей мен ТМД елдерінде 50 ең қуатты суперкомпьютерлердің  қатарына кіреді. Жоба БЯЗИ өткізілетін ядролық физикасы және конденсацияланған орталар физикасы саласында кешенді теориялық және эксперименттік зерттеулерді түбегейлі үдетуге, соның ішінде Қазақстан  Республикасының ғалымдары қатысатын NICA кешенінің -  БЯЗИ флагман мегасайенс жобасы үшін бағытталған.

Заңнамаға сәйкес қатысушысы біздің ел болып табылатын халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасының жарналары туралы шешім ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша қабылданады, оның отырысы 3 сәуірде өткізілді. Қазақстан Республикасының 2018 жылға жарнасы БЯЗИ жақын уақытта төленетін болады және халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жұмыстары жалғасатын болады.