Қазақстан пагоуш комитетінің іс шаралар жоспарының 1.4 тармағына сәйкес, 2019 жыл – жастар жылы деп жариялаған, КР Тұңғыш Президентіні Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы аясында, 2019 жылдың 4 қыркүйегінде сағат 14:00-де Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде осы факультет студенттері мен Қазақстан Пагоуш комитетінің мүшелері арасында кездесу өтті. Кездесуде ғылыми қоғамдастықтың экологиялық қауіпсіздік жайында жүргізілетін ғылыми-практикалық жұмыстардың жүзеге асыру сұрақтары талқыланды.
Кездесуді Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің деканы х.ғ.к., Тасибеков Хайдар Сулейманович ашты.
Тыңдаушылар алдында сөз сөйлегендер:
- Наурызбаев Михаил Касымович, Қазақстан Пагоуш комитетінің мүшесі, т.ғ.д, академик, профессор, ғылым мен техника саласында ҚР Мемлекеттік премия Лауреаты, баяндама тақырыбы: «Пагоуш ғалымдар қозғалысы. «ПҒҚ» -халықарадық ғалымдар қозғалысы, 1957 жылы, Канададағы Пагоуш қаласында, Рассел-Эйнштейн манифестінің резолюциясына сәйкес пайда болуы және 2017 жылы орын алған Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясы қарамағындағы Қазақстан Пагоуш комитетінің (ҚПК) құрылу тарихы жайында, Комитеттің міндеттері мен жоспарлары туралы айтып жас ғалымдарды осы жылы ҚПК қарамағында пайда болатын Пагоуш комитетінің Жастар бөлімшесінің белсенді мүшесі болуға шақырды.
- Кенесов Болат Нурланович, х.ғ.к., профессор, Физика-Химиялық әдіспен зерттеу және талдау орталығының директоры (ЦФХМА), баяндама тақырыбы: «Алматының экологиялық мәселелері»;
- Макарова Варвара Александровна, заведующая лабораторией инженерной экологии Центра комплексных экологических исследований РМК Ядролық физика институтының Кешенді экологиялық зерттеулер орталығында орналасқан, инжинерлік экология зертханасының меңгерушісі, баяндама тақырыбы: «Радиоэкология саласында РМК «Ядролық физика институты» қызметі »;
- Алиев Сеит Абеуханович- Қазақстан ядролық қоғамының Атом энергиясы жайында ақпарат орталығының директоры, Сакен Сейфуллин атындағы ҚазАТУ экология кафедрасының аға оқытушысы, кездесудің қорытындысын айтты.
Екінші күні қатысушылар Ядролық физика институтына (Алатау ауылы) –ядролық физика және қатты дене физкасы, радиоэкологиялық зерттеулер, ядролық және радиациялық технологиялар салаларындағы Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми ұйымына барды.
Студенттерге ЯФИ гылыми-техникалық жабдықтамасының кейбір ірі объектілерімен (ВВР-К атомдық реакторы, У-150М изохорлық циклотроны, УКП-2-1 электростатикалық үдеткіш, ЭЛВ-4 өнеркәсіптік электрондар үдеткіші, заманауй талдау және сынақ жабдықтамамен қаматамасыз етілген ғылыми-зерттеу зертханалар мен ғылыми-техникалық орталықтар)танысуға бірегей мүмкіндік пайда болды.