Мерейтой иесін құттықтаймыз! Профессор Сәуле Әукенқызы Жақишеваға – 70 жыл

 


2026 жылғы 12 маусымда Қазақстан Жаратылыстану ғылымдары академиясы жанындағы Қазақстан Пагуош комитетінің мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының профессоры Сәуле Әукенқызы Жақишева өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Профессор С.Ә. Жақишева Қазақстандағы пәнаралық тарихи ғылым мен тарихи білім берудің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Ол – Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихын зерттеу саласындағы көрнекті ғалым, педагог және зерттеуші.

Ғылыми қызметі аясында профессор Жақишева Қазақстан тарихын зерттеудің заманауи әдістері мен технологияларын әзірлеу және тәжірибеге енгізу бағытында зерттеулер жүргізуде. Оның ғылыми еңбектері сандық тарихтың, тарихи информатиканың және жаппай тарихи деректерді деректанулық талдаудың әдіснамалық мәселелеріне арналған. Ол Қазақстанда және шетелде жарияланған 270-тен астам ғылыми еңбектің авторы.

Профессор С.Ә. Жақишева «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымның VI томындағы үшінші бөлімнің авторларының бірі болып табылады.

Профессор С.Ә. Жақишева «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. Сондай-ақ, 2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды.

Профессор Жақишева Қазақстан Пагуош комитетінің қызметіне белсенді қатысып, Пагуош ғалымдар қозғалысының негізгі мақсаттары мен идеяларын жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келеді.

Қазақстан Пагуош комитеті профессор С.Ә. Жақишеваны мерейтойымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, амандық, ғылыми және қоғамдық қызметінде толағай табыстар тілейді!



Қазақстан Пагуош
Комитетінің төрағасы, профессор
В. Школьник