ҚазҰЖҒА жанындағы Қазақстанның Пугваш комитеті мүшелерінің халықаралық конференцияларға қатысуы

ҚПК Хатшылығы 2026 жылғы 12 ақпанда Ташкент қаласында (Өзбекстан) ҚазҰЖҒА (Қазақстанның жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясы) жанындағы Қазақстанның Пугваш комитетінің мүшесі, профессор М. Бүркітбаев - Б. Беремжанов атындағы Қазақстан химия қоғамының төрағасы және Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағында (IUPAC) Қазақстанның ұлттық өкілі - «Еуропа–Орталық Азия: халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау» атты халықаралық семинар-кеңестің жұмысына қатысқанын хабарлайды..    

  

Семинарды Өзбекстанның Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Қ. Шәріпов құттықтау сөзімен ашты.

Инженерлік білім беруді аккредиттеу жөніндегі Еуропалық желінің (ENAEE) вице-президенті профессор М. Бүркітбаев «Инженерлік білім беруді аккредиттеу жөніндегі Еуропалық желі және EUR-ACE сапа белгісі - инженерлік білім беру сапасын арттыру және Еуропадағы академиялық/кәсіби ұтқырлықты күшейту құралы» тақырыбында пленарлық баяндама жасады («ENAEE and the EUR-ACE® Label. A European Policy Instrument for Quality and Mobility in Engineering Education»).