Атом энергетикасы және ядролық технологиялар – Қазақстанның технологиялық дамуының стратегиялық негізі

ҚПК хатшылығы 2026 жылғы 6 қаңтарда abaidan.kz сайтында «Атом энергетикасы және ядролық технологиялар – Қазақстанның технологиялық дамуының стратегиялық негізі» атты материал жарияланғанын хабарлайды. Материалда профессор Э.Ғ. Батырбековтың ұстанымы ұсынылған – ҚР ҰЯО Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, ҚазЖҒҰА жанындағы ҚПК төрағасының орынбасары.

Мақалада жедел цифрлық трансформация, жасанды интеллекттің, цифрлық сервистер мен дата-орталықтардың дамуы жағдайында сенімді, тұрақты және экологиялық таза энергетикалық базаның маңызы артатыны атап өтілді. Атом энергетикасы мен ядролық технологиялардың энергетикалық қауіпсіздік, технологиялық егемендік және тұрақты даму факторлары ретіндегі рөліне ерекше назар аударылады. Сондай-ақ материалда ҚР ҰЯО-ның ядролық ғылымды дамытуға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Қазақстанның атом саласын ғылыми-техникалық сүйемелдеуге қосқан үлесі көрсетіледі.

Толығырақ: abaidan.kz, 06.01.2026.