ҚазҰЖҒА Төралқасының және Қазақстанның Пугваш комитетінің бірлескен отырысы

ҚПК Хатшылығы 12.12.2025 ж. Алматы қаласында Каспий университетінің базасында ҚазҰЖҒА Төралқасының және Қазақстанның Пугваш комитетінің бірлескен отырысы өткенін хабарлайды. ҚПК мүшелерінің қатысу кворумы гибридті форматта 62% қатысумен расталды..

Бірлескен отырысты кіріспе сөзбен академик Абыкаев Н.А. – ҚазҰЖҒА Президенті ашты және бірлескен отырыстың күн тәртібі бекітілгеннен кейін ол отырысты одан әрі жүргізуді Зейнуллин А.А. – академикке, ҚазҰЖҒА-ның бас ғылыми хатшысына тапсырды.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша «Қазақстанның Пугваш комитетінің 2025 жылғы қызметі туралы» баяндамамен академик Ахметов Т.З. – ҚПК хатшысы сөз сөйледі.

Баяндаманы талқылауда ҚПК мүшелері: Миниязов А.А., Абусеитов К.Х., Масалимов Ж.К., сондай-ақ ҚазҰЖҒА Төралқасының мүшесі, академик Саданов А.К. сөз сөйледі.

ҚазҰЖҒА Төралқасы «Қазақстанның Пугваш комитетінің 2025 жылдағы қызметі» атты есепті мақұлдады.