2025 жылдың 10 сәуірінде Алматы қаласында Каспий университетінің базасында ҚазҰЖҒА Президиумының отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес ҚазҰЖҒА Президиумының отырысында «Қазақстанның Пугваш комитетінің 2024 жылғы қызметі туралы» мәселе қаралды. Отырысқа Қазақстанның Пугваш комитетінің мүшелері: Школьник В.С., Батырбеков Э.Г., Ахметов Т.З., Зейнуллин А.А. және Миниязов А.Ж. қатысты.
ҚазҰЖҒА Президенті Абықаев Н.А. отырысқа қатысушылардың барлығына құттықтау сөз сөйледі. ҚазҰЖҒА-ның Бірінші вице-президенті, профессор Школьник В.С. күн тәртібіне сәйкес баяндамашыларға сөз берді.
Профессор Ахметов Т.З. «ҚазҰЖҒА жанындағы ҚПК 2024 жылғы қызметі туралы» ақпарат пен «ҚПК-ның 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жобасын ұсынды. Олар мақұлданып, бекітілді.
Профессор Батырбеков Э.Г. Қазақстандағы АЭС құрылысы және ядролық ғылымды дамыту мәселелеріне арналған баяндама жасады.
Отырыс соңында ҚазҰЖҒА Президиумы ҚазҰЖҒА жанындағы Қазақстанның Пугваш комитетінің табысты жұмысын атап өтті және Қазақстан ғылымы қызметкерлері күні қарсаңында Сутегі энергетикасы саласындағы технологиялық құзыреттер орталығының директоры, PhD, Қазақстанның Пугваш комитеті Жастар бөлімшесінің төрағасы Миниязов Арман Жанарбекұлын ғылымға қосқан үлесі үшін "Әл-Фараби күміс медалімен" марапаттады.
Арман Жанарбекұлын құттықтаймыз, жаңа жетістіктер тілейміз!