2025 жылғы 23 қаңтарда Алматы қаласында ҚПК және комитеттің Жастар бөлімі мүшелерінің, сондай-ақ шақырылғандардың қатысуымен ҚазҰЖҒА жанындағы Қазақстанның Пугваш Комитетінің (ҚПК) 8-ші отырысы өтті.
ҚПК туралы ереженің 4.2 тармағына сәйкес кворумның болуы расталады (Тізімдік құрамға сәйкес гибридті форматта болудың 62%-ы).
Отырысты Комитет төрағасы, профессор В.С.Школьник ашып, ҚПК және Жастар бөлімі мүшелерінің белсенді қатысуының арқасында барлық іс-шаралар Комитеттің 7-ші отырысында қабылдаған «ҚПК-нің 2024 ж. іс-шаралар жоспарына» сәйкес жүзеге асырылғанын атап өтті.
Ол Халықаралық Пугваш басшылығындағы өзгерістер: жаңа президент болып доктор Хусейн әл-Шахристани және Пугваштың жаңа Бас хатшысы болып доктор Карен Холлберг сайланғаны туралы хабарлай отырып, әлемдегі қазіргі жағдайға қысқаша тоқталды.
Ол 2024 жылы Комитет мүшелерінің ғылыми мамандары: ҚР ҰЯО, ҚР ЯФИ, «ҚЯҚ» қауымдастығының мүшелері болып табылатын «ҚАЭС», «ВАНЭП» және т.б. жүргізген ауқымды ақпараттық жұмыстарды ерекше атап өтті. Соның ішінде «Хабар», «Информбюро», «24KZ», «Казахстанская правда» республикалық БАҚ-қа, сондай-ақ Қазақстанда референдумға қойылған атом электр станциясын салу мәселесін талқылау кезінде теледидарға берген сұхбаттары.
«2024 жылға арналған ҚПК іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы» ақпарат және «2025 жылға арналған ҚПК іс-шаралар жоспарының» жобасы туралы Комитет хатшысы – профессор Т.З. Ахметов баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау барысында сөз сөйлегендер: Жантикин Т.М., Зейнуллин А.А., Витюк В.А., Миниязов А.Ж., Ибраев Б.М. және Скаков М.К.
Профессор Школьник В.С., ҚПК 8-ші отырысын қорытындылай келе, оның 2024 жылға арналған ҚПК қызметін және «2025 жылға арналған ҚПК іс-шаралар жоспары» жобасын талқылауға Комитет мүшелерінің белсенді қатысуымен өткенін атап өтті.
«ҚПК-ның 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жобасына қатысты ұсыныстар бірауыздан қолдау тапты.
Бұрын және Комитет отырысы аясындағы талқылау барысында түскен ұсыныстарды ескере отырып, «ҚПК-ның 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарының» жобасын Хатшылық пысықтайтын болады.