ҚПК Хатшылығы 2024 жылғы 27 қыркүйекте «Ғаламдық ядролық энергияға сұраныс және Орталық Азияның рөлі» конференциясы өткенін хабарлайды. Бұл конференция ядролық индустрияның жоғары білікті өкілдерін біріктіріп, ядролық энергияға деген ғаламдық сұраныстың өсуін және аймақтың мүмкіндіктерін талқылады.
Конференцияның модераторы ҚПК мүшесі, NNWI Central Asia Kazakhstan Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Ибраев Б.М. болды. Сондай-ақ, ҚПК атынан Астанадағы Ядролық физика институты филиалының директоры М.В. Здоровец және ҚР Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының бас сарапшысы С.Р. Савельев қатысты.
Іс-шараны ядролық энергетиканы елдердің ұзақ мерзімді тұрақты энергия қажеттіліктерін қамтамасыз ету құралы ретінде алға жылжытуға бағытталған халықаралық, өнеркәсіп қолдауымен жұмыс істейтін сараптамалық орталық — New Nuclear Watch Institute (NNWI) Орталық Азия ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі атом энергетикасының рөлін, ядролық қуаттарды кеңейтудің экономикалық пайдасын және атом энергетикасын дамытудың кеңірек аймақтық әсерін талқылау болды. Талқылауға Қазақстанның Энергетика министрлігінің өкілдері, Қазақстан атом электр станциясы (ҚАЭС), Қазақстанның энергетикалық ұйымдары қауымдастығы, Росатом Орталық Азия, кәсіби қауымдастық мүшелері, тәуелсіз сарапшылар және басқа да қатысушылар қатысты.
Толығырақ ақпаратты NNWI ресми сайтынан қараңы: https://www.newnuclearwatchinstitute.org/