Қазақстан Пугваш комитетінің (ҚПК) хатшылығы 23.10-03.11.2023 аралығында Миниязов А.Ж. – ҚР ҰЯО РМК зертханасының меңгерушісі, ҚПК мүшесі және Комитеттің Жастар бөлімінің төрағасы, ХАЭА (МАГАТЭ) мүше-мемлекеттерден атом саласының жас мамандары мен орта буын менеджерлеріне арналған ХАЭА мен Қытайдың ядролық өнеркәсіп колледжімен бірлесіп ұйымдастырған Ядролық энергетикадағы менеджмент мектебіне қатысты.
Ядролық өнеркәсіп колледжі ядролық саланың кең ауқымды тақырыптары бойынша кәсіби курстар мен біліктілікті арттыруды ұсынатын Қытайдағы ядролық өнеркәсібіндегі жетекші мамандандырылған оқу орталығы болып табылады.
Ядролық энергияны басқару мектебі жыл сайын өткізіледі, оның негізгі мақсаты қатысушыларды атом энергетикасы бойынша ұлттық бағдарламаны сәтті жүзеге асыру үшін көшбасшылық және басқару құзыреттері бойынша дайындау болып табылады. ХАЭА құзыреттерінің кең ауқымына және Қытайдың жаһандық ядролық энергетиканы дамыту мен персоналды оқытудағы мол тәжірибесіне сүйене отырып, мектеп бағдарламасы мүше мемлекеттерге ядролық энергетика бағдарламасын құру мен басқаруда, сондай-ақ ядролық технологияны бейбіт мақсатта қолдануда қолдау көрсетуге көмектеседі. Шараға ХАЭА мүше 23 елден 38 маман қатысты.
Екі апталық іс-шара атом энергетикасын дамытудың өзекті мәселелеріне, ХАЭА қызметі аясында әлемдегі атом энергетикасы бағдарламаларын реттеудің негізгі аспектілеріне, кадрларды даярлауға, ядролық білімді басқаруға және т.б. мәселелерге арналды. Алған білімдерді меңгеруге арналған топтық жобалардың аясында тапсырмалар орындалды және іс-шара қорытынды емтиханмен аяқталды. Іс-шараның ерекшелігі Қытайдың атом өнеркәсібі нысандарына, оның ішінде жұмыс істеп тұрған атом электр станциясына техникалық турлар ұйымдастырылды (1-қосымша – іс-шара бағдарламасы).
Қосымша ақпаратты сайттан алуға болады: www.iae.kz