ҚПК хатшылығы 2 қараша, 2023 жылы Ядролық физика институты (ЯФИ) әлемдегі ең ірі ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінің бірі — Карлсруэ технологиялық институтымен (КIT) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғанын хабарлайды. Меморандумға қол қою Германияда ЯФИ делегациясының Карлсруэ институтына сапары аясында өтті. Екіжақты ынтымақтастық туралы құжатты ЯФИ бас директоры, Қазақстанның Пугваш комитетінің мүшесі Саябек Сахиев пен KIT инновациялар және халықаралық істер жөніндегі вице-президенті Томас Хирт қол қойды.
Меморандум термоядролық технологиялар саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және қолданбалы жобаларды іске асыруға бағытталған екі ұйым арасында ынтымақтастық орнатуды көздейді. ЯФИ және KIT меморандумы шеңберінде өзекті ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасуға, термоядролық технологиялар саласында бірлескен зерттеулер жүргізуге және халықаралық рейтингтік журналдар үшін бірлескен қолжазбалар мен екіжақты ынтымақтастық тақырыбы бойынша халықаралық конференцияларға қатысу үшін баяндамалар дайындауға ниетті.
Толық ақпаратты www.inp.kz сайтынан алуға болады.