«ЯҚТШ режимін және жаһандық қауіпсіздікті нығайту: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбындағы конференция

ҚПК хатшылығы 2023 жылы 20 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы Менеджмент Университеті, MEPhI Алматы филиалы және т.б. бастамасымен Алматы Менеджмент Университетінде «ЯҚТШ режимін және жаһандық қауіпсіздікті нығайту: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткенін хабарлайды.

Бұл іс-шараның мақсаты халықаралық аренада бейбітшілікке, қауіпсіздікке, тұрақтылыққа және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) режимін нығайтуға үлес қосу болып табылады.

Конференцияға ҚазЖҒҰА жанындағы Қазақстанның Пугваш комитетінің мүшесі Савельев Сергей Робертович – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саясатты зерттеу институтының аға сарапшысы қатысты. Ол Қазақстан Республикасы Пугваш комитетінің төрағасы В.С. Школьник атынан құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі конференцияның тақырыбы Ғалымдардың Пугваш қозғалысы қызметіндегі басым бағыт екенін атап өтті. Өйткені ЯҚТШ көпжақты қарусыздану және таратпау режимінің маңызды элементі болып табылады және барлық тараптар оны ядролық қарудан және басқа да жаппай қырып-жоятын қарулардан азат әлемге ұмтылуда қолдауды жалғастыруы керек. Ғалымдардың Пугваш қозғалысы БҰҰ-дағы көпжақты күш-жігерді қолдауға ұмтылуда, атап айтқанда ЯҚТШ шолу циклі арқылы.

Сонымен қатар, Сергей Робертович «ЯҚТШ перспективалары және жаһандық әлемдік қауіпсіздік» тақырыбындағы пленарлық отырыста баяндамашы ретінде сөз сөйледі.

Конференцияда сонымен қатар келесі тақырыптар қаралды:

  • ЯҚТШ режиміне және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге заманауи сын-қатерлер;
  • Ядролық қаруды таратпау саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықтың өңірлік аспектілері;
  • Энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі атом энергетикасының рөлі;
  • Өнеркәсіпте және медицинада ядролық технологияларды қолдану;
  • Қазақстанның ядролық қарусыздану жөніндегі жаһандық науқандағы орны мен рөлі.

 

(Конференция бағдарламасы – 1-қосымша.)

Толық ақпаратты веб-сайттан табуға болады:

https://www.almau.edu.kz