Жоғары энергия физикасы, үдеткіштер инженериясы және ядролық медицина бойынша халықаралық мектеб

ҚПК Хатшылығы 2023 жылғы 9 қазаннан 13 қазанға дейін «2023 жылға арналған ҚПК іс-шара жоспарының» 1.3 тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты Алматы қаласындағы ҚБТУ базасында «Жоғары энергия физикасы және үдеткіш технологиясының халықаралық мектебін» ұйымдастырғанын хабарлайды және осы жерде Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері ядролық физика саласындағы 22 жетекші ғалымдар мен сарапшылардың: Қазақстан, АҚШ, Швейцария, Әзірбайжан, Италия және Өзбекстанның дәрістерін тыңдады.

Мектеп жұмысы барысында шетелдік ғалымдармен қатар құрметті қонақтар қатарында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Арғынбекова А.С. және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Закария Қ.Д. болды.

Халықаралық мектеп жұмысын ҚПК мүшесі, ЯФИ бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы Сахиев Саябек Қуанышбекұлы ашып, «Мектеп Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы (CERN), Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және Ядролық физика институтымен ұйымдастырылғанын атап өтті. Мектеп биыл алтыншы рет өткізіліп отыр, бұл оның өзіндік тарихы бар екенін білдіреді. Мектеп дәстүрі 2010 жылы басталып, алғашқы Халықаралық мектеп Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Астанада өтті».
      

Халықаралық мектеп алтыншы рет өткізіліп отыр, оған биыл аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, КБТУ, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының ЯФИ және басқа мекемелерден 80 жас ғалымдар мен студенттер қатысты.

Мектеп аясында барлық қатысушылар Ядролық физика институтының негізгі базалық қондырғыларына барудың бірегей мүмкіндігіне ие болды. Бұл Қазақстандағы жалғыз стационарлық ғылыми-зерттеу реакторы ВВР-К, ИЛУ-10 және Біріктірілген экологиялық зерттеулер орталығы.

Шетелдік сарапшылар атап өткендей, бұл іс-шара ТМД-ға мүше мемлекеттердің CERN-мен ғылым мен техника саласындағы интеграциялық байланыстарын нығайтуға, Қазақстан Республикасының халықаралық ғылыми және білім кеңістігіндегі имиджін жақсартуға қызмет ететіні сөзсіз, және жаңа формацияның жоғары білікті кадрларын даярлауға елеулі үлес қосады.

Шара соңында мектеп оқушылары салтанатты жағдайда сертификаттармен марапатталды.

Толық ақпаратты мына сайттардан табуға болады:

https://www.youtube.com/watch?v=QVihrSXMQIs  https://inp.kz