2 қазанда 2023 жылы Қазақстанның ядролық қоғамының Президенті, Қазақстанның Пугваш комитетінің төрағасы, профессор Школьник В.С. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жыл сайын өткізетін «Жыл қызметкері – 2023» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне құрметті қонақ ретінде қатысты.
Іс-шараның ашылуында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы М. Юсупов және профессор В. Школьник құттықтау сөз сөйледі.
«Жыл қызметкері» – атом саласының үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі. Жыл сайынғы іс-шара ұлттық холдинг қызметкерлерінің еңбегін мойындауға, еңбекке материалдық емес ынталандыруды күшейтуге, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған кәсіби мереке – Атом саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылды. Осы шара аясында жеңімпаздар «Профессионал», «Тәлімгер», «Перспектива» және т.б номинациялар бойынша марапатталды.
Биылғы жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарынан байқауға қатысу үшін 200 қызметкер ұсынылды. «Кәсіпқой», «Тәлімгер» және «Болашақ» номинациялары бойынша «Жыл қызметкері» сыйлығына 25 финалист ие болды.
Байқаудың барлық жеңімпаздарына мүсіншелер, дипломдар және атаулы кәдесыйлар табыс етілді.
Дереккөз: http://nuclear.kz, https://www.kazatomprom.kz.