ҚПК Хатшылығы 2023 жылғы 25-29 қыркүйек аралығында Австрияның Вена қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Бас конференциясының 67-ші сессиясы өткенін хабарлайды. Конференция жұмысына қазақстандық делегацияның құрамында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Казатомпром» ҰАК» АҚ, ЖШС «Қазақстан атом электр станциялары», «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты» РМК және «Маңғыстау атом электр станциясы» ЖШС басшылары мен өкілдері қатысты. Сондай-ақ Қазақстанның Пугваш комитетінің мүшелері Т.М.Жантикин, «ҚАЭС» ЖШС бас директоры, Сахиев С.К., ЯФИ РМК бас директоры, А.Ж.Миниязов ҚР ҰЯО РМК зертхана меңгерушісі және ҚПК Жастар бөлімінің мүшесі Қарашев Т.Қ., Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры қатысты.
Конференция аясында тақырыптық сессиялар, екіжақты кездесулер, ғылыми форум және атом өнеркәсібіндегі ағымдағы жетістіктерді көрсететін Қазақстан павильоны ұсынылған көрме болды.
Конференция аясында қазақстандық делегацияның қатысуымен «АЭХА Төмен байытылған уран банкі» және «Бұрынғы Семей сынақ полигонын қалпына келтіру: АЭХА көмегіне 30 жыл» атты екі қосымша іс-шара өтті.
Бас конференция жыл сайын АЭХА-ге мүше 177-ден астам елдің өкілдерін жинап, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық және ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосады.