ҚПК Хатшылығы 2023 жылы 12-14 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында « Семей сынақ полигоны: Ғылыми-техникалық әлеуеттің дамуы мен болашағы» атты Х Халықаралық конференциясы өткенін хабарлайды.
Конференцияға Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің ғылыми ұйымдарының жетекші мамандары, сонымен қатар Қазақстанның Пугваш комитетінің мүшелері қатысты.
Конференция бағдарламасы ядролық энергетиканы дамытудың өзекті мәселелері, термоядролық синтез технологиялары, сутегі энергетикасы, радиациялық экология және медицина бойынша 150-ден астам баяндаманы қамтыды, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау режимін және ЯСЖТШ-ны нығайтуды қолдау бойынша жұмыс нәтижелері қаралды. (Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт).
Дереккөз: www.nnc.kz