2023 жылғы 29 тамызда ҚПК мүшесі, Сыртқы саяси зерттеу институтының аға сарапшысы Сергей Савельев «Ядролық қарудың гуманитарлық салдары және Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ» атты аймақтық конференцияға қатысқаны жайлы, ҚазЖҒҰА жанындағы Қазақстанның Пугваш комитетінің хатшылығы хабарлады. Іс-шара Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне байланысты өткізілді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары К.Е. Умаров құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы, Халықаралық Қызыл Крест комитеті, ICAN және Sokka Gakkai International үкіметтік емес ұйымдары бірлесіп ұйымдастырды.
Конференцияға Орталық Азия өңірі елдерінің дипломаттары мен сарапшылары қатысты.