ҚПК хатшылықтың хабарлауынша, 2023 жылдың 16-21 шілдесі аралығында белгілі ғалым, ҚПК мүшесі профессор З.А. Мансуров Канкундағы (Мексика) көміртекті наноматериалдарды пайдалану мен зерттеудің жан-жақты аспектілеріне арналған «Carbon 2023» жыл сайынғы халықаралық конференциясына қатысты.
Профессор З.А. Мансуровтың «Тұрақты дамуға арналған инновациялық көміртектер» секциясында сөйлеген сөзі конференцияға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды, олар көміртекті талшықтарды алу мен қолдануға байланысты ғылыми зерттеулер нәтижелерінің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстаннан келген Жану проблемалары институтының, әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің және Назарбаев Университетінің ғалымдары конференцияда 15 баяндама ұсынды. Ұсынылған баяндамалар конференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Конференцияда көміртекті материалдарды пайдалану мәселелері бойынша әлемнің жетекші ғалымдарының баяндамалары тыңдалды және графендерге арналған Нобель сыйлығының лауреаты профессор Андрей Геймнің пленарлық баяндамасы үлкен әсер қалдырды. Мезофазалық және анизотропты көміртекті құрылымдарды алу мен сипаттауға байланысты жұмыстар қызығушылық тудырды.
Конференция демеушілері көміртекті материалдарды диагностикалауға және талдауға арналған ең заманауи аспаптар мен жабдықтарды таныстырды. Advanced Material Development, Hiden Isochema, Verder Scientific, Alvatek, Horiba, IOP және т.б. сияқты жетекші фирмалар көрмені ұйымдастырды, онда олар өндіретін көміртекті композициялық материалдар заманауи өнеркәсіптік өндірісте кеңінен қолданылды.
Қатысқандардың жалпы саны әлемнің 30 елінен 238 адам.
Сайтта толығырақ танысуға болады: : info@icp.kz