Атом энергетикасын дамытудың және атом электр станциясын салудың Қазақстан үшін артықшылығы

   

ҚПК хатшылығы:

2023 жылы 20 шілдеде Қазақстанның Пугваш комитетінің мүшесі, «Ядролық технологиялар қауіпсіздігі» ғылыми-техникалық орталығының директоры, профессор Ирина Лашкаровна Тажибаеваның Nur.kz ақпараттық порталына берген сұхбатына қатысқанын хабарлайды. Сұхбатта проф. Тажибаева И.Л. Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың және атом электр станциясын салудың артықшылығы туралы сараптамалық көзқарасымен бөлісті.

«Бүгінгі күні Қазақстан табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы болып танылып, әлемдік жеткізілімдердің 40%-дан астамын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар біз УЛЬБА ТВС зауытында өзіміздің отын элементтерін өндіруді пайдалана аламыз. Ядролық технологияларды жеткізушіні таңдаудың негізгі қағидасы «дәлелденген шешімдерді пайдалану» арқылы ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кепілі болып табылады, бұл сілтеме принципі деп аталады. Әлеуетті жеткізуші ұсынған АЭС құрылысын қаржыландыру үлгісі де маңызды факт болып табылады», - деп бөлісті проф. Тәжібаева И.Л.

Сұхбат мәтіні бойынша толық ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: Nur.kz