ҚПК хатшылығы:
2023 жылы 14 шілдеде Обнинск қаласындағы (РФ) Физика-энергетика институтының Мәдениет үйінде «А.И.Лейпунский атындағы РФ-ФЭИ МҒО» АҚ Физика және энергетика институты басшылығының шақыруымен», профессор Школьник В.С. - Қазақстанның Ядролық қоғамының президенті, ҚазЖҒҰА жанындағы ҚПК Төрағасы, Шевченко қаласында ширек ғасырдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан БН-350 бірінші жылдам нейтронды энергетикалық реакторының іске қосылуының 50 жылдығына арналған ғылыми-техникалық кеңестің салтанатты отырысына қатысты.
(1-қосымша – «РФ-ФЭИ» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесінің салтанатты отырысының бағдарламасы)
БН-350 пайдалану тәжірибесі оған енгізілген ғылыми-техникалық идеялардың дұрыстығын растады, жылдам натрий реакторлары бар энергоблоктардың сенімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті.
Профессор В.С.Школьник өз сөзінде БН-350 реакторын іске қосуға атсалысқан қазақстандықтардың қатысуын атап өтті, сонымен қатар ҒТК қызметінің негізгі нәтижелерін қорытындылады.