2023 жылы 12 мамырда ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында салалық ғылым академиялары мен ғылыми қауымдастықтардың басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ҚазЖҒҰА Бірінші вице-президенті, ҚПК төрағасы, профессор, ф.-м.ғ.д В.С. Школьник және ҚазЖҒҰА Вице-президенті және Бас ғылыми хатшысы, ҚПК мүшесі, профессор, т.ғ.д. Ә.Ә. Зейнуллин қатысты.
Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде саланың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды.