14-16 маусымда Берген қаласында Норвегия Нобель институтымен бірге Нобель симпозиумы аяқталды.

Қазақстанның ядролық таратпау, экспорттық бақылау және қос бағытты технологиялар саласындағы қызметі


Қазақстан тарихында оның таратпау режимін ұстанатындығын көрсететін бірнеше маңызды оқиғалар бар: 1991 жылы Семей ядролық сынақ полигонын жабу; Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ жасау; зерттеу реакторларын төмен байытылған отынға ауыстыру; Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің (АЭХА) Төмен байытылған уран банкін құру.


                                                                    профессор Тажибаева И. Л.

 

Ядролық қаруды таратпау жайлы келісімге, Қазақстан Республикасы және АЭХА арасындағы кепілдіктерді қолдану жайлы келісімге, Қосымша хаттамаға және Қазақстанның халықаралық ядролық қауымдастықтағы орнын белгілейтін басқа да халықаралық келісімдерге қол қойған мемлекет ретінде Қазақстан, барлық басқа мемлекеттер секілді, АЭХА кепілдіктерінің сақталуы, ядролық материалдарды тиімді есепке алу және бақылау, ядролық материалдар мен объектілерді физикалық қорғауды қамтамасыз ету; экспорттық бақылау, қауіпсіз тасымалдау және т.б. тұратын «ұлттық кепілдіктерді» ұсынуы және дәлелдеуі қажет. Осы құрамдас бөліктердің сенімді жұмыс істеуі Қазақстанның ядролық таратпауды бұдан әрі де ұстанатындығын мәлімдеуге мүмкіндік береді. Қазақстан көлемі бойынша әлемдегі төртінші ядролық арсенал болған Кеңес Одағынан қалған ядролық арсеналдан өздігінен бас тартқан әмбебап мемлекет ретінде әлемдік қауымдастық үшін жақсы үлгі бола алады.

 


 

Мақала Қазақстанның ядролық технологиялардың, қос бағытты тауарлар мен технологиялардың бейбіт мақсатта пайдаланылуына мониторинг жүргізу қабілеттілігіне арналған.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін ядролық қауіпсіздік инфрақұрылымын дамыта бастады. Бұл бағыттағы маңызды әрекеттер халықаралық ынтымақтастық бағдарламалар шеңберінде жасалды.

Әлемдегі ірі уран өндірушілердің бірі болып табылатын мемлекетте экспорттық бақылау лицензиялау, фирмаішілік бақылау және құқық қолдану арқылы жүзеге асырылады. 2002 жылдан бастап Ядролық жеткізушілер тобының мүшесі болып табылатын Қазақстан ядролық экспортқа қатысты өзінің басты қағидаларын ұстанады. Тиімді экспорттық бақылаудың өзекті элементтерінің бірі қос бағытты тауарлар мен технологияларды дұрыс идентификациялау болып табылады.

 


 

Халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларының қолдауымен таратпау, экспорттық бақылау, ядролық технологияларды пайдалану және бақылау саласындағы қазақстандық саясатты жүзеге асыру Қазақстанға ядролық қауіпсіздіктің тиімді инфрақұрылымын жасауға, оның нәтижесінде әлемдегі таратпау және экспорттық бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.