ҚПК-де Жастар қанатын құру жөніндегі ұсыныстарды пысықтау

I. Ұйымдастыру іс-шаралары

т.1.1
I тоқсан, 2023

ҚазҰЖҒА Төралқасында бекіту үшін «2023 жылға арналған ҚПК іс-шаралар Жоспары» жобасын дайындау

Аяқталу түрі:

ҚазҰЖҒА Төралқасының шешімі

Жауптылар:

Ахметов Т.З., Зейнуллин А.А., Миниязов А.Ж.

т.1.2
I тоқсан, 2023

2023 жылға арналған ҚПК қызметі бюджетінің жобасын әзірлеу

Аяқталу түрі:

Бекіту

Жауптылар:

Комитет Хатшылығы

т.1.2
жыл бойында

ҚПК қызметінің бағыттары бойынша жұртшылықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысы:
— ядролық, химиялық, биологиялық, экологиялық, ақпараттық қауіпсіздік саласында әлеуетті тәуекелдері бар зерттеудің басым бағыттары бойынша жобалар іске асырылатын кәсіпорындарға техникалық турларды ұйымдастыру;
— еліміздің ЖОО-да арнайы дәрістер өткізуге жәрдемдесу;
— Комитет мүшелерінің қатысуымен телевизиялық хабарлар мен дөңгелек үстел өткізу.

Аяқталу түрі:

Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат, ҚЯҚ журналында жариялау және оларды ҚПК сайтында орналастыру

Жауптылар:

ҚПК хатшылығы, ҚЯҚ АТАО, ҚР ҰЯО РМК, ЯФИ ҚР ЭМ, ҚПК мүшелері

т.1.4
3 тоқсан, 2023

Ұлттық биотехнология орталығының протеомика және масс-спектрометрия зертханасының меңгерушісі Ph.D.Тарлыков П.В.-ның "Туберкулез тудыратын бактерия: жау қарулы және өте қауіпті" атты ғылыми-танымал семинары

Аяқталу түрі:

Өткізілген іс-шара туралы ақпарат

Жауптылар:

ҚПК хатшылығы, Тарлыков П.В.

т.1.5
4 тоқсан, 2023

ҚазҰЖҒА жанындағы ҚПК қызметі туралы БАҚ-та және ғылыми журналдарда жариялау үшін материалдар дайындау

Аяқталу түрі:

Өткізілген іс-шара туралы ақпарат

Жауптылар:

ҚПК хатшылығы, Жакишева С.А.

II. Қару-жарақты бақылау, жаппай-қырып жою қаруын таратпау, қысқарту және тыйым салу мәселелері, жалпы және өңірлік қауіпсіздік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелері, халықаралық және өңіраралық ғылыми байланыстарды, ғылыми қауымның әлеуметтік жауапкершілігін, ғылым мен халықаралық қатынастар тарихын дамыту мәселелері жөніндегі халықаралық және өңіраралық ғылыми ынтымақтастықты үйлестіру:

т.2.1
жыл бойында

БЯЗИ-мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде 2023 жылы ядролық физика, радиациялық материалтану, радиоэкология және бакалавриат, магистратура және докторантураны қоса алғанда, білім берудің барлық сатылары бойынша кадрлар даярлау саласындағы бірлескен зерттеулерді жалғастыру жоспарлануда, оның ішінде:
— ЯФИ базасында оқу-ақпараттық платформа және физикалық қондырғылар құру (ҚР жоғары оқу орындарының оқушылары мен студенттері үшін);
— Қазақстандық мамандар үшін оқыту іс-шараларын өткізу бөлігінде бұлтты және грид-технологияларды пайдалана отырып, ҚР ЭМ ЯФИ есептеу технологияларының инфрақұрылымын құру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру және халықаралық конференцияларға қатысу;
— Жаңа үдеткіштің мүмкіндігін бағалау және үдеткіш физика саласында БЯЗИ/ ЯФИ ҚР ЭМ қондырғыларында жаңа нейтронды детекторларды бірлесіп пайдалану үшін үдеткіш физика саласында жаңа отандық кадрларды даярлау бөлігінде негізгі параметрлердің алдын ала есептеулерін жүргізу мақсатында У150М циклотронын реконструкциялау /жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
— Эксперименттік мүмкіндіктерін кеңейту үшін неғұрлым қарқынды сәулелер мен жоғары зарядталған иондар алу мақсатында ДЦ-60 үдеткіш иондарының көзін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
— ЯФИ-де токтың химиялық көздерін зерттеу мақсатында зертханалық учаске құру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
— ВВР-К реакторында радиография және томография қондырғысындағы археологиялық объектілерді

Аяқталу түрі:

БЯЗИ-мен (РФ) ынтымақтастық жөніндегі бірлескен тақырыптық жоспардың орындалуы туралы ақпарат

Жауптылар:

ҚПК мүшелері, ЯФИ ҚР ЭМ, Л.Гумилева ат. ЕНУ

т.2.2
қыркүйек, 2023

«ССП. Мұра және ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту перспективалары» X Халықаралық конференциясын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу

Аяқталу түрі:

Турлар, кездесулер мен конференциялар ұйымдастыру

Жауптылар:

«ҚР ҰЯО» РМК, ҚПК Хатшылығы

т.2.3
жыл бойында, 2023

Азиядағы ядролық кооперация Форумының (FNCA) жұмысына қатысу

Аяқталу түрі:

Серіктестермен кездесулердің қорытындысы туралы ақпарат

Жауптылар:

«ҚР ҰЯО» РМК, ҚПК Хатшылығы

т.2.4
жыл бойында, 2023

ҚР ҰЯО РМК Ядролық зерттеу реакторларын ТБУ отынына конверсиялау жөніндегі жұмыстарды орындау.

Аяқталу түрі:

Жұмыстың орындалуы туралы ақпарат

Жауптылар:

«ҚР ҰЯО» РМК ҚПК Хатшылығы

т.2.5
жыл бойында, 2023

Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) Дайындық комиссиясының Б тобының жұмысына қатысу.

Аяқталу түрі:

Б жұмыс тобына төрағалық ету, баяндамалар

Жауптылар:

ҚПК Хатшылығы, «ҚР ҰЯО» РМК

т.2.6
қыркүйек, 2023

МАГАТЭ Бас конференциясының 67-ші сессиясының жұмысына қатысу.

Аяқталу түрі:

МАГАТЭ МК шеңберінде көрме, кездесулер ұйымдастыру

Жауптылар:

ҚПК Хатшылығы, «ҚР ҰЯО» РМК

т.2.7
2023-2024

Ғылыми қамтамасыз етудің ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыруға және Қазақстандағы ПҒҚ қызметін жетілдіруге қатысу:
— "МАЭК-те сұйық радиоактивті қалдықтарды кәдеге жарату" жобасының тұсаукесері;
— "Биоқауіпсіздік бойынша білім беру бағдарламалары: қажеттіліктер, перспективалар және қазіргі заманғы үрдістер" жобасының тұсаукесері;
— "Ядролық және биологиялық объектілерге арналған киберқауіпсіздік жүйесі" жобасының тұсаукесері.

Аяқталу түрі:

ҚР БҒМ және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ ақпарат

Жауптылар:

ҚазҰЖҒА Төралқасы, ҚПК Хатшылығы: Ибраев Б.М., Масалимов Ж.К., Жапаров Б.А.

III. Комитет пен ҚПК ЖБ мүшелерінің ПҒҚ және өзге де ұйымдардың қамқорлығымен өткізілетін халықаралық конференцияларға қатысуы, баяндамалардың тақырыптарын және олардағы қазақстандық ғалымдардың дербес құрамын бекіту.

т.3.1
жыл бойында, 2023

Ғалымдар мен өзге де ұйымдардың Пагуош қозғалысы аясында өткізілетін халықаралық конференцияларға ҚПК және комитеттің жастар бөлімшесі мүшелерінің қатысуы, баяндамалардың тақырыптарын және олардағы қазақстандық қатысушылардың дербес құрамын бекіту.

Аяқталу түрі:

Қатысу бағдарламалары. Баспасөз хабарламалары

Жауптылар:

ҚазҰЖҒА Төралқасы, ҚПК Хатшылығы

т.3.2
жыл бойында, 2023

Ғылыми әлеуетті дамытуды ынталандыру және ғалымдар мен саясаткерлер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу мақсатында ЯСЖТШҰ (Вена қ.) ұйымдастыратын ғылыми дипломатия жөніндегі симпозиумға Қазақстанның жас ғалымдарының қатысуына жәрдемдесу.

Аяқталу түрі:

Қатысу туралы ақпарат

Жауптылар:

Миниязов А.Ж.

т.3.3
мамыр, 2023

Доха қаласында (Катар) болатын ҚПК делегациясының 63-ші халықаралық Пагуош конференциясына қатысуын дайындау "Қарама-қайшылық емес, диалог: ядролық тәуекелдер және жанжалдарды шешу".

Аяқталу түрі:

ҚПК делегациясының қатысуы туралы ақпарат

Жауптылар:

Ахметов Т.З., Миниязов А.Ж.

т.3.4
мамыр, 2023

Доха қаласында (Катар) болатын "Қарама-қайшылық емес, диалог: ядролық тәуекелдер және жанжалдарды шешу" атты 63-ші халықаралық Пагуош конференциясы шеңберінде Халықаралық студенттер мен жастар Пагуош қозғалысының 11-ші конференциясына қатысуға дайындық.

Аяқталу түрі:

Комитет ЖБ делегациясының қатысуы туралы ақпарат

Жауптылар:

Миниязов А.Ж.

IV. Қазақстандық ғылыми ұйымдардың, ЖОО-лардың және жекелеген ғалымдардың ПҒҚ-мен байланысын орнатуға және дамытуға жәрдемдесу, олардың халықаралық студенттік және жастар Пагуош қозғалысының іс-шараларына қатысуы.

т.4.1
жыл бойында, 2023

Қазақстандық ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының және жекелеген ғалымдардың ПҒҚ-мен байланысын орнатуға және дамытуға жәрдемдесу; жас ғалымдар мен ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының мамандарын ПҒҚ қызметіне тарту.

Аяқталу түрі:

Бірлескен іс-шаралар жоспары

Жауптылар:

ҚазҰЖҒА, ҚПК Хатшылығы және ЖБ

т.4.2
жыл бойында, 2023

ПҒҚ-мен, ПҒҚ-на қатысушы елдердің ұлттық Пагуош топтарымен, оның ішінде Ұлыбритания, Ресей Федерациясы және т. б. Пагуош жастар топтарымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық.

Аяқталу түрі:

Ақпарат ҚПК сайтында

Жауптылар:

ҚПК Хатшылығы

т.4.3
жыл бойында

ҚПК қызметінің бағыттары бойынша ЖОО және ҒЗИ іс-шараларын ұйымдастыруға және қатысуға жәрдемдесу.

Аяқталу түрі:

Қатысу туралы ақпарат

Жауптылар:

ҚПК Хатшылығы Алиев С.А.