«Зерттеу реакторларын қолдану» жобасы бойынша халықаралық семинар

Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығында «Зерттеу реакторларын қолдану» жобасы бойынша FNCA халықаралық семинары (Азиядағы Ядролық кооперация форумы) өз жұмысын аяқтады.

Жұмыс аптасы барысында 10 елден келген мамандар FNCA-ге қатысушы елдердің халық шаруашылығының әртүрлі салаларында ядролық технологияларды пайдалану тәжірибесімен алмасып, «Байкал-1» зерттеу реакторы кешеніне барды.

АҚШ-тың DOE және Аргонн ұлттық зертханасының қолдау көрсетуімен ҚР Ұлттық ядролық орталығының зерттеу реакторлары – ИВГ.1М және ИГР реакторларында отынды байытуды төмендету жобасын орындау бойынша жұмыстар жалғасуда. FNCA семинарына қатысушылар «Зерттеу реакторларын қолдану» тақырыбының Қазақстан үшін де, сол сияқты бүкіл әлем үшін де маңызды екендігін атап көрсетті.

Бұл іс-шара Қазақстан Пагуошск комитетінің 2.5 тармағы іс-шаралар жоспары шеңберінде өтті.

толығырақ ҚР ҰЯО.