Сутегі энергетикасын дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық

ҚПК Хатшылығы 20.03.2025 жылы Бейжіңде (ҚХР) «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, қытайлық China Energy Overseas Investment Co Ltd. компаниясымен және Шанхай Цзяотун университетімен арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын хабарлайды.

ҚР Энергетика Вице-министрі Б. Н.Ілияс бастаған Қытайға қазақстандық делегация құрамында ҚПК мүшелері: Э. Г. Батырбеков – ҚПК төрағасының орынбасары, "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" РМК Бас директоры, А. Ж. Миниязов - ҚПК жастар бөлімшесінің төрағасы, Сутегі энергетикасы саласындағы технологиялық құзыреттер орталығының директоры қатысты.

Тараптар Курчатов қаласында (Абай облысы) Орталық Азияның сутегі энергетикасының ғылыми-техникалық инновациялық орталығын құру туралы келісті. Жаңа орталық сутекті өндіру мен сақтаудың жаңа технологияларын әзірлеуді қоса алғанда, энергетикада ғылыми зерттеулер, әзірлемелер және озық сутегі технологияларын енгізу үшін халықаралық алаңға айналады.

Сапар аясында делегация Шанхай Цзяотун университетінің зертханалық инфрақұрылымымен, сондай-ақ MGPower кәсіпорнында сутекті сақтауға арналған материалдарды өндіру процесімен танысты. Жұмыс кездесулері барысында бірлескен зерттеулердің перспективалық бағыттары, мамандар даярлау және ғылыми әзірлемелерді өнеркәсіптік секторға масштабтау үшін технологиялық шешімдерді іздеу талқыланды.

Қосымша ақпарат сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/961709?lang=kk