Ресей Ғылыми Академиясы президиумының жанындағы Ресей Пагоуш коммитеті мен Қахақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясы президиумының жанындағы Казақстан Пагоуш коммитеті бірлескен отырысы жайында.

2019 ж. маусым айының 28 жұлдызында Мәскеу қаласында орналасқан Ресей Ғылыми Академиясы президиумының жанындағы Ресей Пагоуш коммитеті конференц – залында, ресми емес жағдайда, Ресей Ғылыми Академиясы президиумының жанындағы Ресей Пагоуш коммитеті мен Қахақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясы президиумының жанындағы Казақстан Пагоуш коммитеті бірлескен отырысы өтті.

Ресей Ғылыми Академиясы президиумының жанындағы Ресей Пагоуш коммитеті төрағасының орынбасары – Профессор, ф.-м.ғ.д. Гинзбург А.С. ресеилік қатысушылар деллегациясын, ал Қахақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясы президиумының жанындағы Казақстан Пагоуш коммитеті төрағасы - Профессор, ф.-м.ғ.д. Школьник В.С қазқастандық қатысушалыр делегациясын басқарды.

Ресей Ғылыми Академиясы президиумының жанындағы Ресей Пагоуш коммитетінің ғылыми хатшысы- Лебедев М.А. «Пагоуш қозғалысы және ғылыми дипломатия: ғалымдардың рөлі және міндеттері» - тақырыбына презентация жасады.

Казақстан Пагоуш коммитеті мүшесі ф.-м.ғ.к. Жантикин Т.М. Қазақстандағы  Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігінің азбайытылған уран банктың жұмысы туралы хабарлады.

ҚР ҰЯО РМК Қауіпсіздікті бақылау және таратпау басқармасының басшысы Осинцев А.Ю. «Бұрынғы Семей сынақ полигонын қауіпсіз күйге келтіруге арнелған ғылыми-техникалық және инженерлік жұмыстар кешені» атты презентация даиындады.

Ресей Ғылыми Академиясы президиумының жанындағы Ресей Пагоуш коммитетінің мүшесі, Жастар бөлімшесінің төрағасы - Самойловская Н.А. «Жасанды зияты бар қырғынға ұшырататын автономды жуйелерді шектеу: негізгі тәсілдеме» атты баяндама жасап сөз сойледі.

Бірлескен отырыс пікір ауысу мен ынтымақтастықты дамыту жайлы талқылаумен аяқталды. Бірлескен отырыс нәтижесінде тараптар тәжерибе алмасуға дайындылығын білдірді және Пагоуш ғалымдар қозғалысының қызметінің аясындағы ортақ мәндеттерді іске асыру барысындағы ынтымақтастық жайында келісімге келді, Пагоуш комитеттерінің мерзімді баспасөзінде материалдарды бірігіп публикациялау және Халықаралық Пагоуш конференциясына бірігіп дайындалуға қатысты тілектестігін білдірді. Екі елдің Пагоуш комитеттерінің жастар құрылымдары арасындағы әрекеттесу мәселелерін талқылады.