Латын Америкалық аймақтық Пагуош тобы құрылды

2022 жылғы 29 наурызда Латын Америкасының жеті елінен келген ғалымдар мен бұрынғы дипломаттардың онлайн отырысында Пагуош ғалымдар қозғалысының қағидаттарына, мақсаттары мен дәстүрлеріне негізделген Латын Америкалық аймақтық Пагуош тобын құру туралы шешім қабылданды.

Топтың президенті болып Ақпараттық технологиялар саласындағы маман Фабиана Сантеллан (Fabiana Santellan; Уругвай), Бас хатшы болып Ядролық физика саласындағы маман Одилон Маркуццо ду Канто (Odilon Marcuzzo do Canto; Бразилия) сайланды.

Латын Америкасының Пагуош тобы ғылым мен ғылыми ортаның қоғамдағы рөлі, өңірлік және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, қарусыздану мен қару-жарақты бақылау, ядролық қаруды және жаппай қырып-жоятын қарудың басқа да түрлерін жою, сондай-ақ климаттың өзгеруі, адам құқықтары, адамзаттың әл-ауқаты мен әлеуметтік дамуы туралы пікірталастарды ынталандыратын болады.

Ақпарат Пагуош ғалымдар қозғалысының ресми сайтында орналастырылған.